Мұқаншы ауылдық округінде,жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы 2020 жылғы 1қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
- Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу ;
- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда- саттықты (конкурстарды, аукциондарды) сатып алу ;
-«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.
2021 жылдың 9 айында 199 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында, стендте көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылды, сондай-ақ халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына кабинет бөлінді.
Әкімшілікте «Электрондық үкімет» пен egov.kz порталдарында жұмыс істеуге халықты үйрету бойынша жұмыстар жүргізіледі.Тұрғындарға электрондық-сандық қолтаңбаны ашу қажеттігі және картридерді қолдану тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері айтылып жеткізілуде.