Меню

Страницы

Статья

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 24 қыркүйегі күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып: Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

 Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.

 Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатыса алады. Ол – 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгінгі студенттерге тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы олардың болашақта табысқа жетулерінің кепілі екенін білу маңызды.

 Біздің мамандар зейнетақы калькуляторының көмегімен тұрақты жарналар есебінен болашақ зейнетақыны айтарлықтай көбейтуге болатындығын көрнекі түрде көрсетеді.

 Біз болашақ салымшыларымызды бүгіннен бастап  күтеміз!

 Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат ...... (10.00) өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме

(https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ebaaf44cf953b39780fab2fbb1933393e) бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін (25113633147) және event-мәжіліс паролін (24092021) енгізіңіз.

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы