Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 2 тоқсанына дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмыс қорытындысы

Халықтың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау, жаппай спортты тарату, бүкіл санаттағы халықты дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысуға қатыстыру, жоғарғы класс спортшыларын дайындауға нәтижелі бәсекеге қабілетті жүйесін құру.

Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2021 жылдың II-тоқсанына 3 азаматтан өтініш келіп түсті, оның ішінде 3 өтініш қанағаттандырылды.

Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің (6 айлық уақытқа көрсеткіш) жылдық бюджеттік жоспары:

  1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер және Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қолданылатын қаражат көлемі 7592,0 (жеті миллион бес жүз тоқсан екі мың)теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • Еңбек ақы мен өтемақы төлемдеріне және әлеуметтік салық пен әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медицина сақтандыруға 5585,0 (бес миллион бес жүз сексен бес мың) теңге;
  • Өзге де қорларды сатып алуға 424,0 (төрт жүз жиырма төрт мың) теңге;
  • Байланыс қызметтеріне ақы төлеуге 331,0 (үш жүз отыз бір мың) теңге. Қазіргі уақытқа 136,0 (жүз отыз алты мың теңге) жұмсалып, 195,0 (жүз отыз алты мың теңге) қалып отыр.
  • Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 607,0 (алты жүз жеті мың) теңге;
  • Ел ішіндегі іс сапарлар мен қызметтік сапарларға 645,0 (алты жүз қырық бес мың) теңге;
  1. Әр түрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына 4405,0 (төрт миллион төрт жүз бес мың)
  2. Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге 1108,0 (бір миллион бір жүз сегіз мың) теңге қаражат бөлінді.

   Көксу ауданы бойынша барлығы 128 спорт  құрылымдары бар. Оның ішінде: Б.Оңғаров атындағы орталық 1 стадион, Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 1 дене шынықтыру спорт кешені, Лабасы ауылдық округіндегі 1 «Жастар» спорт кешені, 1 жүзу бассейні,  «Харуат» мәдени-спорт орталығы, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары, Мәмбет ауылының 1 күрес залы, 11 атыс орны, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 29 спорт зал және 78  плоскастық спорт алаңдары бар. Жастар мен балаларға арналған туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігі спорттық туризм бағытында жұмыс істеуде.

Наурыз мейрамы мрекесіне орай 2021 жылдың наурыз айының 18-19 күндері аралығында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі мен бірлесе Көксу ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 200 ден аса бала қатысты. Атап айтсақ Хандойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, ләңгі ойнау спорттарынан өтті. Жарыстың мақсаты бұқаралық спортты және ұлттық спортты дамыту болып табылады. Жарыстар барлық карантиндік шараларды сақтай отырып онлайн форматта және жалпы форматта өтті.

Мамыр айының 27- күні Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында орналасқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ашылуы өтті.Ашылуына Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы және тағы облыстық басқармадан және ауданымыздан шыққан спорт майталмандары қатысты. 180 орындық барлығы 3000 шаршы метрден астам спорт нысаны аудан спортшыларының спортпен шұғылдануына кең пайдасын тигізетіні анық.

Алматы облысы, Талғар қаласында өткен мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған Қазақстан Республикасының біріншілігінде Көксу ауданы, Мұсабек ауылының тұрғыны Мұқамет Бүркітбек жүлделі II – орын иеленді. Бұл жарыс алда өтетін Әлем және Азия біріншіліктеріне іріктеу болатын, яғни алдағы уақытта жерлесіміз Әлем және Азия біріншіліктеріне жол тартпақ. Осы жарыс нәтежисесінде Мұқамет Бүркітбек спорт шеберіне үміткер атанды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында 16-17 мамыр күндері, Қазақстан Рсепубликасының мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен, самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен жарысқа, Алматы облысының құрама командасында Көксу ауданының спорт шеберлері ілініп жарысқа қатысып келген болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спорт майталмандары арасында орын алған дүбірлі додада ауданымыздың спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Серижанов Тәңірберген Махмұтұлы II - орын, +98 кг 36-40 жас аралығында, Абиров Жанат Нұрдымақынұлы III - орын, +98 кг 55-60 жас аралығы, Дарубаев Нұрлан Саханұлы II - орын, 71 кг 50-54 жас аралығы, Сиражанов Алдаберген Махмұтұлы II - орын, 98 кг 45-49 жас аралығында.

14-15 маусым күндері Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында орналасқан  Б.Оңғаров атындағы орталық стадионында Қазақстан Республикасының 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жаздық спартакиадалық ойындар өткізілді. Спартакиада 6 спорт түрінен ұйымдастырылды. Атап айтсақ үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, кермеге тартылу, 100 метрге,1000 метрге жүгіру. Бұл жарыс облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға іріктеу жарысы болған болатын. Үздік жүлделі орын алған қызметшілер Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемсінің құттықтау қағаздарымен және медальдарымен марпатталды.

2021 жылдың 17-22 тамыз аралығында Талдықорған қаласында Алматы облысының үлкен футболдан облыстық чемпионатқа аудан құрама командасы қатысып, алғашқы топтық ойындарда 3 ойын өткізіп топтан бірінші болып шықты.

2021 жылдың 27 тамыз күні Балпық би ауылында орналасқан Б.Оңғаров атындағы орталық стадионында 2011-2012 жылғы жасөспірім балалар арасында футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты жас спортшыларымызды облыстық жарыстарға дайындау және спортқа баулу болып табылады. Үздік көрінген командалар Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок медальдарымен марапатталды. Алдағы уақытта командалар Ескелді ауданының командаларымен достастық кездесулер өткізіледі деп жоспарлануда.

Көксу ауданының ауылдық округтеріндегі спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардың 2021 жылға арналған  мектеп спорт залдарында ауыл тұрғындарының кешкі уақыттарда жаттығуларының жылдық кестесін және жылдық жұмыс жоспарлары бекітілген.

Бұқаралық ақпарат құралдары және интернет ресурстар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2021 жылы Көксу аудандағы халық саны 40990 адам болса, оның ішінде спортпен шұғылданушылардаң үлесі 12673 адамға жетті, яғни аудандағы жалпы халық санының 30,9% құрады. 2020 жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданушылардың саны 56 адамға өсіп отыр.

Аудан бойынша  төмендегідей  спорт  секциялары  жұмысын  атқаруда: волейболдан - 63, футболдан - 55, баскетболдан - 26, еркін күрестен -13, грек–рим күресі-3, дзю-до күресі-17, үстел тенисі-25, тоғызқұмалақтан -29 дойбыдан-25, шахматтан-24, спорттық туризмнан-1, бокстан-8, жеңіл атлетикадан-20, велоспорттан-2, самбо-3,жеңіл атлетика -1, каратэ до-1, ұлттық спорт түрлерінен-51 және мүмкіндігі шектеулі адамдармен -5.

Материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту

2021 жылы Көксу аудандағы халық саны 40990 адам болса, оның ішінде спортпен шұғылданушылардаң үлесі 12673 адамға жетті, яғни аудандағы жалпы халық санының 30,9% құрады. 2020 жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданушылардың саны 56 адамға өсіп отыр. Көксу ауданы бойынша барлығы 128 спорт  құрылымдары бар. Оның ішінде: Б.Оңғаров атындағы орталық 1 стадион, Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 1 дене шынықтыру спорт кешені, Лабасы ауылдық округіндегі 1 «Жастар» спорт кешені, 1 жүзу бассейні,  «Харуат» мәдени-спорт орталығы, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары, Мәмбет ауылының 1 күрес залы, 11 атыс орны, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 29 спорт зал және 78  плоскастық спорт алаңдары бар. Жастар мен балаларға арналған туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігі спорттық туризм бағытында жұмыс істеуде.

          Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дене тәрбиесі мен спорт

Ауданда «Үміт» күндізгі болу орталығы жұмыс жасайды. Орталықта  оқитын 40 баланың 33 дене шынықтыру пәнінде спортпен шұғылдануда. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған үйірмелерде барлығы 20 спортшы жаттығуда. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларды жарыстарға, арнайы оқу-жаттығу дайындықтарына қатынау үшін жабдықталған «Инвотакси» көлігімен ақысыз түрде қатынасуға мүмкіндік жасалған.

Спорт резервін және  халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау

2021 жылы  Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі   спорттың 13 түрімен: еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, баскетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі, самбо, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, хан дойбымен жаттығулар өткізіледі. Мектепте спортпен айналысатын 1068 бала 75 топқа  бөлінген. Оның ішінде: 50 алғашқы  дайындық   топтарында 798 оқушы. 24 оқу- жаттығу   топтарында  270 оқушы  спорттан дәріс алады.

Спортшылармен 28 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде: 21 штат бойынша, 7 қосымша. 22 жаттықтырушының 18-сы жоғары білімді, оның ішінде 17-сы дене тәрбиесі, 3-і арнаулы орта білімді.

Ауданның  барлық 10  ауылдық округтерінде  спорт  мектебі  жастарды  спортқа  тартқан.

Аудан орталығы Балпық би ауылында  спорттың жеті түрінен: еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі,бокс, тоғызқұмалақ, самбо және баскетбол үйірмелерінде 325 бала жаттығады, оқушылармен тәжірибесі мол білікті жаттықтырушылар жұмыс жасайды.

Ал, ауылдық округтерге келсек, аудан орталығынан  тысқары жерде                 744 бала спортпен шұғылданады. Оның ішінде:

 Лабасы ауылдық  округінде  спорттың  үш түрінен: футбол, дзюдо және хан дойбымен шұғылданатын балалардың округ бойынша саны -165 оқушы.

Мұқаншы ауылдық округінде  спорттың үш түрінен: еркін күрес, дзюдо, баскетбол  үйірмелері тұрақты жаттығулар жүргізуде. Округ бойынша спортпен айналысатын балалар саны 129 оқушы.

Еңбекші ауылдық округінде спорттың төрт түрінен: тоғызқұмалақ, бокс қазақ күресі мен еркін күрес үйірмелері өз жұмыстарын жалғастыруда, қатысатын балалардың жалпы саны 174 оқушы.

Мұқыры ауылдық округінде спорттың екі түрінен: футбол және волейболда жалпы саны  86 оқушы спортпен шұғылданады.

Алғабас  ауылдық округінде дзюдо күресімен  46 бала,

Мұсабек ауылдық  округінде  волейболмен  36 бала,

Жарлыөзек ауылдық округінде еркін күреспен  34 бала,

Қаблиса ауылдық округінде  дзюдо күресімен  42 бала шұғылданады,

Айнабұлак ауылдық округінде  дзюдо күресімен  32 бала шұғылданады.       

Спорт мектебі отырған ғимаратта екі дзюдо залы, грек-рим күресі залы,                еркін күрес залы және тренажер залы бар,спорт залдары талапқа сай емес, барлық спорт залдарының көлемі бірдей 48,3ш.м.

Сондай-ақ, оку-жаттығу процессі  Балпық би ауылында Б.Оңғаров атындағы орталық стадионында жалпы көлемі  0,6699 га, 840 орындығы бар(уақытша жөндеуде), бокс залы  207,3 ш.м. және  Жарлыөзек ауылында еркін күрес залында, залдын көлемі -102,0 ш.м. жүргізіледі  және ауданның орта мектептерінің спорт залдарында өтеді.

Туризм саласы туралы

Бүгінгі күні Көксу ауданында 2 туристік нысан бар.Олар: Балпық би ауылында орналасқан «Алатау» қонақ үйі және Мұқаншы ауылдық округінде орналасқан жаз мезгілінде жұмыс жасайтын балаларға арналған «Қарлығаш» лагері. Жазғы демалыста «Қарлығаш» лагерінде 500 ге жуық бала демалып қайтты. Балпық би ауылында орналасқан туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігіне 150 бала спорттық туризммен щұғылдануда.

57-қадам орындалуы: Қазіргі таңда туризм саласын дамыту мақсатында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілуде, алайда қаржы тапшылығына байланысты және басқа да себептерге байланысты 2021 жылы Көксу ауданында жаңа туризм, инфоқұрылым нысандары құрылысы көзделмеген.

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

2021 жылы ауданда өткізілетін жарыстар туралы аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде мақала жарық көрген. Аудан әкімінің сайтында                  материал жарық көрген. Өткен іс-шаралардың арасындағы ауқымдылары облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында және «Жетісу» телеарнасында  жарияланған.

Барлық мектептерде «Нашақорлыққа қарсы» денсаулық күні  өткізілген. 2021 жылғы Президенттік тест тапсыру айлығына ауылдық округтер бойынша кестелер дайындалып аудан ұжымдары мен аудан мектептерлерінде кесте бойынша өткізіле бастады.    Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудан мектептерінде әрдайым спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер мен оқушылармен кездесулер өткізілді.

Көксу ауданының дене шынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы                                                        А.Алпысбаев

Дата публикации
03 сентября 2021
Дата обновления
03 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы