Меню

Страницы

Статья

Көксу ауданында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну басталды

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 12 қыркүйекте ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтеді.

Сайлау науқаны Көксу ауданының 2 округінде өтеді.

2021 жылғы 13 тамызда Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 12 қыркүйекке 2 ауылдық округте сайлау тағайындады: Мұқыры ауылдық округі, Мұсабек ауылдық округі. Сайлау округтерін тағайындау, құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудандар мен қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған және жергілікті БАҚ-та жарияланатын болады.

Барлығы сайлауда 1аумақтық және 5учаскелік сайлау комиссиялары, 34 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 2 мыңнан астам адамды құрайды.

14 тамыздан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудандар мен қалалар әкімдеріне тиесілі.

14 маусымдағы жағдай бойынша 7 кандидат ұсынылды, 1 кандидат Nur Otan партиясынан, 1 кандидат ҚХП партиясынан, 5 кандидат өзін-өзі ұсынды.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 августа 2021
Дата обновления
14 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы