Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздігі

 Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда, ол көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталды. Жекелеген тұрғындардың немесе орман жұмысшыларының бұл мәселеге үнемі бейқамдық танытатыны өкінішті. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.

 Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі - бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың сызбасы жасалады.

 Өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар жатады. Орман өрттерінің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: төселе жанатын, шарпи жанатын және дауылды өрттер. Әр өрттің жану жолы әртүрлі деңгейде қарастырылады. Орман өрттерінің алдын алу шараларының ең маңыздысы – қолдан жасалған өртті азайту.

 Ормандағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе, орманның ішінде өрттің көзі жоқ. Рас, орманның жануы кейде найзағайдан да болады, бірақ өртті орманға негізінен адамдар әкеледі.

 Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Орман өрті жедел өтеді және тез таралады. Қалың ағаш ішіндегі өрт минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып, 10-14 сағатта үлкен аумақты шарпиды. Оның ішіне кіру де, өрт сөндіру техникаларын енгізу де – қиын шаруа.

 Кез келген апатты жағдайда тұрғындарды қорғау шаралары қаралады. Өртпен күресуге балаларды және жеткіншектерді, екіқабат әйелдерді және бала емізетін аналарды қатыстыруға тыйым салынады. Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді. Осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді.

Дата публикации
29 июля 2021
Дата обновления
29 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы