Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат

 Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы аясында мекеме қызметкерлерімен және жаттықтырушылармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында жұмыстар атқаруда. Әрбір азамат және азаматша мейлі мемлекеттік мекемеде істесін немесе істемесін, сыбайлас жемқорлықты жою мақсатындағы жұмыстар жеке басынан басталатыны түсіндіріліп, еліміздің экономикалық дамуына үлестрін қосуы бірден-бір алдыларындағы парыз екендігі үнемі айтылады. 2021 жылдың 31-наурыз күні «Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі » мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, талдау нәтежиесінде, бөлімде мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттілік берілген адамдардың немесе оған теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа жаңдай туғызатын құқық бұзушылық жағдай болған жағдайда жауапқа тартылатыны айтылып, түсіндірілді.

 «Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «ІІ-разрядты спортшы, ІІІ-разрядты спортшы, І-жасөспірімдік разрядты спортшы, ІІ-жасөспірімдік разрядты спортшы, ІІІ-жасөспірімдік разрядты спортшы, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі ІІ-санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі ІІ-санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беретін мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алушы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы негізінде Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде алады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

 Көксу ауданы бойынша барлығы 128 спорт  құрылымдары бар. Оның ішінде: Б.Оңғаров атындағы орталық 1 стадион, Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 1 дене шынықтыру спорт кешені, Лабасы ауылдық округіндегі 1 «Жастар» спорт кешені, 1 жүзу бассейні,  «Харуат» мәдени-спорт орталығы, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары, Мәмбет ауылының 1 күрес залы, 11 атыс орны, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 29 спорт зал және 78  плоскастық спорт алаңдары бар. Жастар мен балаларға арналған туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігі спорттық туризм бағытында жұмыс істеуде.

Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
15 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы