Бүгінгі күні Көксу ауданында 127 спорттық құрылымы бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 шаңғы базасы, 11 ату тирі, 32 спорт зал, 71 жазықтық құрылымдар, 1 жүзу бассейні. Оның ішінде: 1 жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Б.Оңғаров атындағы орталық стадион, «Жастар» спорт кешені, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 27 спорт зал, 1 жүзу бассейні, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары бар.
Қазіргі уақытта мемлекетіміздегі халықтың 30% - ын 2021 жылға дейін үнемі спортпен айналысатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша бұл бағытта жұмыстар аяғын нық басып, қойылған межеге жетіп те алдық. Жалпы аудан бойынша халық саны 2021 жылыдың І-тоқсанында 40990 адам болса соның спортпен шұғылданатындар саны 12501 адамға жетіп отыр, яғни 30,5 % ға жетті. Жалпы спорт мектебіндегі 1255 жаттығушы спортшылар спорттың 12 түрімен спортпен шұғылданады. Олар: еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, баскетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі, самбо, тоғызқұмалақ, хан дойбы және армрестлинг (қол күрес). Аудан бойынша әр ауылдық округтарда ауылдық мекендерде спортты дамыту мақсатында дене шынықтыру жөніндегі әдіскерлер 2014 жылдан бері жұмыс жүргізуде. Спорт мектептерінде барлығы 35 жаттықтырушы дәріс беруде.
Наурыз мейрамы мрекесіне орай 2021 жылдың наурыз айының 18-19 күндері аралығында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі мен бірлесе Көксу ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 200 ден аса бала қатысты. Атап айтсақ Хандойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, ләңгі ойнау спорттарынан өтті. Жарыстың мақсаты бұқаралық спортты және ұлттық спортты дамыту болып табылады. Жарыстар барлық карантиндік шараларды сақтай отырып онлайн форматта және жалпы форматта өтті.
2021 жылдың 31 наурыз күні Аудан көлеміндегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі және Аудандық балалар және жасөспірімдер мектебі бірлесе 2006-2007 жылғы ұлдар және қыздар арасында дзюдо күресінен аудандық чемпионат өткізілді. Чемпионат Балпық би ауылындағы Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионында өтті. Спортшылар 17 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жрыс карантиндік талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылып, жеңімпаз спортшыларға грамоталар мен медальдар табысталды.
Алматы облысы, Талғар қаласында өткен мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған Қазақстан Республикасының біріншілігінде Көксу ауданы, Мұсабек ауылының тұрғыны Мұқамет Бүркітбек жүлделі II – орын иеленді. Бұл жарыс алда өтетін Әлем және Азия біріншіліктеріне іріктеу болатын, яғни алдағы уақытта жерлесіміз Әлем және Азия біріншіліктеріне жол тартпақ. Осы жарыс нәтежисесінде Мұқамет Бүркітбек спорт шеберіне үміткер атанды. Алдағы жарыстарда жас спортшымызға тек жеңістер тілейміз.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында 16-17 мамыр күндері, Қазақстан Рсепубликасының мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен, самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен жарысқа, Алматы облысының құрама командасында Көксу ауданының спорт шеберлері ілініп жарысқа қатысып келген болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спорт майталмандары арасында орын алған дүбірлі додада ауданымыздың спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Серижанов Тәңірберген Махмұтұлы II - орын, +98 кг 36-40 жас аралығында, Абиров Жанат Нұрдымақынұлы III - орын, +98 кг 55-60 жас аралығы, Дарубаев Нұрлан Саханұлы II - орын, 71 кг 50-54 жас аралығы, Сиражанов Алдаберген Махмұтұлы II - орын, 98 кг 45-49 жас аралығында. Спортшыларымызды алған жүлделерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік дей келе, дендеріне саулық тілейміз.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі жылдық жоспар бойынша мүлтікпей жұмыстарды атқаруда. Кез – келген мерекелерде спорттық іс – шаралар міндетті түрде өткізілуде. Әр округтегі спорт нұсқаушыларының жылдық жұмыс жоспары жасалып, жоспарлары бойынша ай-сайын есептері қабылданады. Спорт нұсқаушыларының айлық есеп өткізуі үнемі бақылауға алынған. Көксу ауданы бойынша дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдайлар барынша қарастырылуда. Жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданамын деген аудан тұрғындарына спортзалдар есігі әрдайым ашық. Аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен күнделікті шұғылдануы үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бекітілген кестелерге сәйкес дене шынықтыру жөніндегі әдіскерлер басқаруымен және жаттықтырушылар мен жаттығулар жүргізіледі.
Дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы А. Алпысбаев