Ауданда жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары 490 шақырым, оның ішінде 56 шақырымы республикалық маңызы бар, 204 шақырымы облыстық маңызы бар. Жергілікті жолдар 230 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальт төселгені – 121 шақырым (52,7%), қиыршық тас төселгені – 72 шақырым (31,2%) және топырақ төселген – 37 шақырым (16,1%). Аудан арқылы ұзындығы – 168 шақырымды құрайтын теміржол магистралі өтуде.
Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында 23 көпір, 237 су өтетін трубалар бар.
2021 жылы ауданның ішкі жолдарының 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға жалпы 511 806,2 мың теңге қаражат қарастырылыған, атап айтқанда Балпық би ауылындағы Төлебаев көшесінің жолына орташа жөндеу, 0,45 шақырым, келісім-шарттың жалпы сомасы 6 608,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Нәдірізбек ауылына кірме жолды орташа жөндеу жұмысына – 158 570,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын Мұқыры ауылының көшелеріне (Алтаев, Жексембай, Мұқанов, Мәметова, Жандосов көшелері) жолына орташа жөндеу жұмысына – 90 820,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, жалпы ұзындығы 1,14 шақырымды құрайтын 10 ж Қазақстан ауылының көшелеріне (Оспанов және Сәтпаев көшелері) жолына орташа жөндеу жұмысына – 20 783,5 мың теңге, және жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Көксу бекетінің (Әуезов, Шалабаев, Қазақстан, Байсеитова, Қожабергенов, 8 март көшелері) көшелеріне жолына орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға – 86 625,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынды.
Кезекті Маслихат отырысында келесі көшелерге жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға қаражат бөлінді, жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын Бесқайнар ауылындағы Жетісу көшесіне орташа жөндеу жұмысына-25 088,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Қаратал ауылындағы Садовая көшесіне (қосалқы көше) орташа жөндау жұмысына-37 184,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, жалпы ұзындығы 1,11 шақырымды құрайтын Бозтоған ауылындағы Жапсарбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына-19 936,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, жалпы ұзындығы 0,7 шақырымды құрайтын Айнабұлақ ауылындағы Центральная көшесінің орташа жөндеу жұмысына-10 304,0 мың теңге, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і, және жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын Мұсабек ауылының көше жолдарына-55 888,0 мың теңге қаражат бөлінді, жауапты мердігер мекеме «BS BUILD» ЖШС-і.
Қосымша жол жүру қауіпсіздігін арттыру мақсатында аудан аумағында 35 дана жол белгілері және орталық аудандық аурухана, музыка мектебінің алдына жылдамдықты тежеуіш құрылғылары (искусственная неровность) орнатылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісім-шартқа 2500,0 мың теңге бөлінді. Өткен 2020 жылы 1110,0 мың теңге бөлінген.
Жолаушылар көлігі
Аудан бойынша 1 автобекет бар. Аудан тасымалының көлемінің негізгі бөлігі автомобильдік көлік болып табылады. 2014 қазан айынан 2019 тамыз айына дейін жеке кәсіпкер «Маратов Қуат» (серия – 12915, №0569524) диспетчерлік-кассалық орталық ашып өз жұмысын жүргізген болатын, қазіргі уақытта жеке кәсіпкер «Әуелбекова» жұмысты жалғастыруда. Аудан тұрғындарына Алматы, Жаркент, Үштөбе қалаларына және аудан ішінде жолаушы тасымалы қызметтерін көрсетуде.
2021 жылдың бесайында жүк айналымы 24842,7мың.т/шақырым құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,4 пайызды, ал жолаушы айналымы 19223,8мың.ж/шақырымды құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,1 пайызды құрап отыр.
Аудан бойынша 4-автобус жол бағдарымы жүруде, олар
Аталған бағыттар бойынша 16 елді мекендерге қызмет көрсетілуде, қамтылу пайызы 47 %, «Ақ Нар-А» ЖШС-гі қызмет көрсетуде.
Балпық ауылдық округі бойынша уақытша 2-автобус жол бағдарымы жүруде, олар Балпық би ауылы ішінде № 01 маршрут ЖК «Изосимов» және Балпық би – Теректі ауылдары арасында №02 маршрут ЖК «Гулиев» қызмет көрсетуде.
Көксу ауданының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Карбаев