Сапалы білімге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Көксу ауданында білім беру ұйымдарының желісі бар, ұсынылған 53мектепке дейінгі орта білім және қосымша білім беру ұйымдарының– 52 мемлекеттік, жекеменшік – 1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары -25 мекеме:-мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінің саны – 25, оқушы саны - 8248 (0-11 сыныптар), - жекеменшік – 0.
Қосымша білім беру ұйымдарының желісі 1 мекеме, онда 625 бала қосымша білім алады, аудан оқушыларының 8,1% құрайды.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер – 18, орысша – 0, аралас – 7 . Көксу ауданында 13 шағын жинақты мектеп бар, оның 1- бастауыш,1– негізгі және11- орта, 1544 оқушы контингентінқұрайды.
Ауданда апаттық жағдайдағы және үш ауысыммда оқытылатын мектептер жоқ. 2005-2018 жылдар аралығында ауданда 6 мектеп ғимараты салынды. 25 мектептің 24 –інде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 18 мектеп толық жаңа оқу жиһаздарымен қамтамасыз етілген. Ауданда 17 мектеп жаңа модификациялы физика, 13 мектеп химия, 9 мектеп биология және 12 мектеп лингафондық-мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.
Ауданда 14 мемлекеттік, 1 жеке меңшік балабақшалар және 11 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. 14 мемлекеттік балабақшаның ғимараты толық күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
2021 жылға Көксу ауданының білім саласына нақтыланған бюджет 6 млрд 737 млн 012 мың теңгені, 2021 жылғы 01 шілдеге 3 млрд 684 млн 384 мың теңге құрады. Игерілгені 3 млрд 683 млн 334,5 мың теңге.
Жалпы білім беру бағдарламасына 2021 жылғы 01 шілдеге жоспарланғаны 3 млрд 136 млн 911 мың теңге бөлінді, оның ішінде еңбек ақы қоры 2 млрд 986 млн 004 мың теңгені құрайды.
Мектептерді ағымдағы жөндеуге және спорт аланың жайғастыруға 200 млн 777 мың теңге бөлініп, Жапсарбаев атындағы ОМ ағымдағы және Талапты ОМ ағымдағы жөндеу және спорт алаңың жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Алғабас ОМ спорт алаңың жайластыру конкурс рәсімі өткізідуде.
5300,0 мың теңгеге Қаратал бастауыш мектебінде ішкі дәретхана және буфет жасалды. 10800,0 мың теңгеге қазіргі кезде 12 мектепке мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз аумақ жасау мақсатында адаптациялау жүмыстары жіргізілуде, 3608,0 мың теңгеге Ақын Қабан жырау атындағы орта мектебінің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді, 7561,0 мың теңгеге Егінбаев атындағы орта мектептерде кәріз жүйесі мен ішкі дәретханаларға ағымдағы жөндеу жұргізілуде.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына 26 млн 390 мың теңге қарастырылды.
Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына 857 млн 238 мың теңге бөлінді.
Қосымша білім беру мекемесінің қызметін қамтамасыз етуге 102 млн 968 мың теңге бөлінді.
Оқулықтар сатып алуға 66763,0 мың теңгеге жаңа буындағы оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алуға бөлінді. 13 баспамен шарттар жасалып, жеткізілуі 2021 жылғы 25 тамызға дейін қарастырылды.
90 компьютер сатып алуға 20 7000,0 мың теңге және 14158,0 мың теңге STEM-кабинет сатып алуға бөлініп, қазіргі кезде сатып алу рәсімі өткізілуде .
7 мектептің кітапханасын жаңғыртуға 5495,0 мың теңге бөлініп отыр, конкурс рәсімі өткізілуде.
Аудандағы 49 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап бағуға қамқоршыларға 15592,0 мың теңге, патронаттың тәрбиелеуге 2435,0 мың теңге бөлініп, игерілуде.
Кадр мәселесі жұмысына сараптама Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 1056 педагогқызмет етеді, оның ішінде 992 (95,1%) жоғары білімді, 51 (4,9%) - арнайы орта білімді. Педагогтардың жалпы санынан 115 - жоғары, 274 – бірінші, 316 - екінші квалификациалық санаттымұғалім.Барлық мектеп директорлары жоғары педагогикалық білімді, оның ішіндежоғары, ол 100 % көрсетеді. Биылғы оқу жылында білім саласында жұмыс істейтін зейнет жасындағы басшылар жоқ. Келесі оқытушылық құрамның жетіспеушілігі проблема болып қала береді: орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, орыс сыныбындағы физика, хореограф мамандар. Осы мәселені шешу үшін еңбекті ынталандыру және жас мамандарды ұстап қалу тетіктерін жетілдіру қажет, әсіресе алыс тұрған ауылдарда. Маман тапшылығын шешу үшін аймақтағы ЖОО өткізетін "Бос орын жәрмеңкесі" қатысып отырамыз.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту, балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын көрсеткіштер жүйесін енгізу. Ауданда 15 балабақша, оның ішінде 1 жекеменшік, 11- мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен 1-6 жастағы қамтылған бала саны- 1800, 3-6 жастағы қамтылған бала 96,7%.
Жалпы орта білім.
Білім сапасының мониторингі .
Әр тоқсанның соңында білім бөлімі мектептегі пәндер аясында оқу үлгерімі мен білім сапасы туралы мәліметтер жинағын жүргізеді және білім сапасын бақылайды.
Соңғы үш жылдағы талдау көрсеткендей, аудан мектептерінде оқу үлгерімі, білім сапасы артып, оң динамиканы көрсетеді.
|
Жылдар |
Оқу жылының соңына |
Үлгерімі |
Білім сапасы |
Динамика |
|
2018-2019 |
7202 |
100% |
62,2% |
↑ 2,0 % |
|
2019-2020 |
7438 |
100% |
65,3% |
↑ 3,1% |
|
2020-2021 |
7682 |
100% |
63,1% |
- 2,2% - 1- сынып қортылмады |
жоғарыоқунәтижелерінберетінтұрақтыжұмысты Қ.Жалайыри атындағы ОМГ-75,0% көрсетіп отыр.
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріндегі салыстырмалы талдау білім сапасының 64,5% деңгейін көрсетті, қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері – 70,02%. Білім сапасының ең төменгі деңгейін химияжәне физика пәндері көрсетіп отыр. Жалпы алғанда жоғары көрсеткіш қоғамдық -гуманитарлық цикл пәндерінде.
Оқушыларды мектепке және кері қауіпсіз тасымалдау.
Оқушыларды тегін тасымалдаау 10 мектепте ұйымдастырылған. тасымалданатын оқушы саны- 530, оның ішінді 325 оқушы ішкі тасымалмен (Балпық би ауылындағы Қ.Жалайыри атындағы ОМГ оқушылары, Көксу бекетіндегі Мұқаншы орта мектебінің бастауыш сыныптары) қамтылған.
Оқушыларды тасымалдауға 13 автокөлік жұмылдырылды. Оның ішінде 13 автобус (6- шағын автобус, 7- автобус) мектеп балансында. 2021 жылы 5 автобус сатып алуға бюджеттік тапсырыс берілді.
Инклюзивтік білім беру
Аудан мектептері мен балабқшалардағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны - 129, оның ішінде 76 бала денсаулығына байланысты үйден оқытумен, 51 бала инклюзивтік білім берумен қамтылды. инклюзивтік білім беру мен қамтылған балалардың 49-ы мектеп жасында, 2- балабақша тәрбиеленушілері.
Денсаулығына байланысты үйден оқытумен қамтылған 78 баланың 33 бала жасынан мүгедек балалар. 17 балағаинтернетке қосылған арнайы жабдық пен бағдарламалық жасақтама орнатылды. Балалар Балпық би ауылындағы "Үміт" сауықтыру орталығына барады.
Ауданның 22 мектебінде 6 балабақшада арнайы мамандар жұмыс істейді. Оныің ішінде 30 педагог-психолог, 26 - логопед, 13 - дефектолог маман қызмет етеді. Тізімге алынған балаларға 3 айдан 6 айға дейінгі психологиялық-педагогикалық түзету көрсетіледі. Соның өзінде де арнайы мамандар жетіспеушілігі байқалады. Педагог- ассистент мамандар қажет.
Білім беру мекемелеріндегі арнайы мамандар кабинеттері жабдықталған. Барлық мектепте кедергісіз білім алу үшін пандустар орнатылған.
Тәрбие жұмысы
Білім бөлімі мен білім беру ұйымдары жыл ішінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын, «Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында белгілі бір тәрбие жұмыстарын жүргізді. Барлық мектеп оқушылары мен білім беру мекемелерінің мұғалімдері 360 түрлі іс-шараларға қатысты. «Туған жер» жобасы аясында мектеп бітірушілер мен мектеп түлектерімектепті дамытуға көмектесу арқылы өз қаласына, өз мектебіне деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 4771-ға жуық мектеп оқушылары қабылданды: мектеп олимпиадаларының, түрлі жарыстардың, жобалардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Барлық мектептерде «Елбасы кепілі және Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді, ауданымыздың танымал адамдары құрметті қонақтар болды. Өткен жыл Жапсарбаев атындағы орта мектепте әскери-патриоттық «Жапсарбаев ұландары» клубы жұмыс істеді, 38 оқушы қамтылған.
Әскери-патриоттық және аулалық клубтар аудандық, облыстық, республикалық әскери-спорттық жарыстарға, форумдарға, конференцияларға белсенді қатысады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға сәйкес білім беру ұйымдарының мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың республикалық бағдарламасы, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін құқықтық білімді насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында сабақтар үнемі Білім беру ұйымдарында 24 ерікті «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді, олардың 730 мектеп оқушылары мүшелікке қабылданды, «Парасатты Азамат» бұрыштары құрылды.
Діни экстремизмнің алдын алу.
Оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі - білім беру жүйесінің зайырлылығы қағидатын сақтау және міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау. Бүгінгі күнге бұл талапты сасқтамаған оқушы жоқ.Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында 2019-2020 оқу жылының басынан бастап ауданның ІІБ ювеналдық полиция тобының қызметкерлері 24 мектепте жоғары сынып оқушыларымен онлайн кездесулер өткізді.Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында білім беру мекемелерінде қалалық полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ұжымдармен жеке құрамның террористік акт жасау, жарылу қаупі туындаған жағдайда, жарылғыш заттарды табудағы іс-әрекеттері туралы сабақтар өткізді. Мыңнан астам мұғалімдер мен жұмысшылар қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
2020-2021 оқу жылының басында мектепішілік есепке 14 оқушы тіркелген, аудандық полицияның ювеналдық тобы есебінде - 2 жасөспірім, екеуі де мектеп оқушылары және 8 сәтсіз отбасы тіркелген, онда 17 бала тәрбиеленуде.
Барлық білім беру мекемелеріне балаларға қатысты қатыгездік жағдайларын анықтау және олармен жұмыс істеу үшін ведомствоаралық ынтымақтастық Алгоритмі жіберілді. Білім бөлімінің бастамасымен мүдделі құрылымдар және қоғамдық ұйымдардан жедел ақпарат алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарыныңбұзылуына жедел әрекет ету тапсырылды.
Ауданның 25 мектепте «Мектеп медиациясы» жобасы жүзеге асырылды.
Балалардың жарақаттануын алдын-алу
Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының тіркелген жоқ. 2021 жылдың 1 маусымынабалалардың қайтыс болуының 2 жағдайы тіркелді.
Қабан жырау ат ОМ, 4- сынып оқушысы жол-көлік аптынан, Н.Алдабергенов ат ОМ 2- сынып оқушысы суға ағып қайтыс болды.
Жазғы демалыс
"Жаз-2021" жобасы бойныша Көксу бекетіндегі "Қарлығаш" балалардың демалыс орталығында 5 маусымда 425 бала демалысы жоспарланды. 2021 жылғы 15 маусымға ашылуға жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылдың қаңтар- мамыр айларында 3 маусымда Қапшағай қаласындағы "Балдәурен-Қапшаған" сауықтыру - демалыс лагерінде аз қамтылған отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалр, көпбалалы отбасы балаларынан 50 оқушы тегін демалып қайтты.
Қосымша білім беру
Ауданымыздың білім беру жүйесінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастырумен бір қосымша білім беру ұйымы айналысады, онда 6 түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Онда 625 оқушы қамтылған.
Дене шынықтыру және спорт
2020 жылдың қыркүйегінен 25 білім беру мекемелерінде 241 спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді, онда 3647 бала қамтылған: ұлттық ойындар - 367, шаңғы тебу - 36, қазақша күрес- 98, шахмат- шашка- 478, футбол -637, воллейбол - 597, баскетбол - 507, теннис- 329, басқа спорт түрлері- 616.
барлығы - 241 үйірме жұмыс істеді, оның ішінде 197 ақысыз, 44- ақылы үйірмелер.
Қорғаншылық және қамқоршылық секторының жұмысы
Көксу ауданы бойынша 0-18 жастағы балалар саны- 11083.
Білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық есебінде тіркелгендер, патронаттық тәрбиеге алынғандарсаны- 49 бала, оның ішінде АҚҚ - 15, жетім балалар - 31, патронаттық тәрбиеде –3, өз еркімен туыстарының қамқорлығына берілген - 46.
Әдістемелік жұмыс
Аудандық оқу-әдістемелік жоспарланған шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарды.
Аудандағы 23 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектептерінде, 1 музыка мектебі мен 15 балабақшадағы әдістемелік жұмысқа басқару-басшылық қызметі жүргізілді. Барлық білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтардың жұмысын жүргізу үшін әдістемелік көмектер көрсетіліп, жұмыстары бағытталды. Жыл ішінде әр тоқсан сайын білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша әдістемелік кеңестер отырыстары өткізілді. Кеңес барысында сонымен қатар, мектептер мен мектеп директоры орынбасарларының озық тәжірибелері, инновациялық жұмыстар барысы, пәндерді зерделеу қорытындылары қаралды.
Жыл ішінде 1043 педагогтың 172-сі «Өрлеу» АҚ, Педагогикалық шеберлік орталығы арқылы білімін жетілдірді.
Аудан бойынша 25 мектептің 8 мектебі Назарбаев зияткерлік мектептері іс-тәжірибесін тарату мақсатында жетекші мектеп болып бекітіліп, 17 серіктес мектептермен жыл ішінде жұмыс жүргізді. М.Құрманов атындағы № 2 орта мектебінің жетекші мектеп ретіндегі жұмысы аудан көлемінде семинар арқылы таратылды.
Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибесін тарату және қолдануда аудандағы 24 мектепте деңгейлік оқыту курстарынан сертификатталғакн мұғалімдердің желілік қауымдастығы жұмыс жүргізеді. Қауымдастық жоспар бойынша шаралар өткізіп, әлеуметтік желілерге жүктеп отырды.
Аудандағы шығармашыл, ізденіспен жұмыс жүргізетін пән мұғалімдерінен 21 ассоциация құрылды. Ассоциация жұмысы негізінен қолданыстағы заңнамаларды, нормативтік-құқықтық актілерді, жаңашыл технологиялар, ғылым жетістіктері, өлшемдер мен бағалау жүргізу технологиясын түсіндіру, өзара тәжірибе алмасу, біріккен шешімдер шығару, білім сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін қарастыру бағытында жұмыстарын жүргізді.
Мектептердің сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында дарынды балаларды оқытатын арнаулы білім беру мекемелерінің нәтижелі жұмыстарын оқу-тәрбие процесіне енгізу бастамасы аясында 3 мектеп Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия, М.Құрманов атындағы № 2 орта мектеп пен Н.Алдабергенов атындағы орта мектептер Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін «Экономика және бизнес» № 24 арнаулы лицейі тәжірибесін оқып-үйренуде.
Қазақстан Республиасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуын басты назарда ұстап, іске асыру. Сапалы тәрбие беріп, білім сапасын көтеруге бағытталған аудан мұғалімдерінің ізденістік-әдістемелік жұмыстарын жүйелеуге, кезеңдер бойынша нәтижелерін талдауға, бағалауға әр мұғалімді ынталандыру. Ақпараттық технологияны тиімді пайдалана отырып, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге ұйымдастыру.
Деңгейлі бағдарламалар бойынша оқу үдерісінде мұғалімдердің жаңа педагогикалық ұстанымдары мен құндылықтарын қалыптастыруға, критериалды бағалау жүйесін жаңартылған білім беру жағдайында іске асыруға бағыт - бағдар беру.
Оқу жылы ішінде оқушылар мен педагогтар көптеген білім пен біліктілік сайыстарына қатысып, облыс, республикалық дәрежедегі жарыстарда үздіктер қатарынан танылып отырды.
«Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары: Аблайхан Ақерке- Қызыларық ОМ, Абасова Тамара, Зубрева Маргарита- М.Құрманов атындағы № 2 ОМ, Тұрай Айжан- Б.Құндақбаева атындағы № 1 ОМ, Ким Станислав- Н.Алдабергенов атындағы ОМ оқушылары.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша төртінші республикалық ғылыми жобалар байқауының 2 орын жеңімпаздары Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп оқушылары Алыбай Ерасыл, Тұрсынбай Ықылас, ХХІ республикалық Абай оқулары байқауының 3 орын иегері Жетіжал орта мектебі оқушысы Жекебай Тілек, "Дарын экоарт" сурет және қолөнер республикалық конкурсының жүлдегері Жетіжал орта мектебі оқушысы Сатымбай Сымбат, "Экостанға саяхат" республикалық экологиялық конкурсының жеңімпазы Жетіжал орта мектебі оқушысы Батыл Нәрә, Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурсының 3 орын жүлдегері Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп оқушысы Тұрсынбай Ықылас, жас айтыскер ақын Мұқаншы орта мектебінің оқушысы Қанад Жансая аудан абыройын республика көлемінде асқақтатып жүрген оқушыларымыз.
Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп - гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Сыдыкжанова мен М.Құрманов атындағы № 2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Людмила Герман "Үздік педагог" атағын иеленді.
Облыстық әскери-патриоттық, спорттық байқауларда:
«Жас Ұлан» -2 орын, «Алау» ойындары -3 орын, Үздік командир» байқауы -2 орын, «Айбын»-З орын, «Жас Сарбаз» -1орын.
Дене шынықтыру - денсаулық кепілі атты облыстық мұғалімдкр арасында спартакиадалық жарыс - 2-орын, облыстық мұғалімдер мен оқушылардан жасақталған командалар арасында спартакиадалық жарыс-2орын иеленді.
Бөлім басшысы Т. Сейтнязов