Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 177 отбасына немесе 991 адамға 32207,5 мың теңге тағайындалды. Кепілдік берілетін әлеуметтік топтама 1-3 жасқа дейін 83 жанұяға 86 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 98 отбасына 100 балаға, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы 1-6 жасқа дейінгі 181 отбасына 186 балаға берілді.
Жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқылатын балалары бар 11 отбасыға 14 балаға 298.1 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Табысы аз отбсыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі 32 жанұяға 732,1 мың теңге тағайындалды.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша 68 адамға 991,8 мың теңгеге әлеуметтік көмек төленді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 2 ардагерлеріне 1000,0 мың теңгеден 2000,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 70,0 мың теңге тағайындалды. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының 7 жесіріне 60,0 мың теңгеден 420,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 160 адамға 30,0 мың теңгеден 4800,0 мың теңгеге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көретілді. КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару көзінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге 2 адамға 100,0 мың теңгеден 200,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Чернобыль апатынан зардап шеккен 14 адамға 700,0 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді және қайтыс болған зардап шеккендердің 2 жесіріне 100,0 мың теңгеге,1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 197 адамға 50,0 мың теңгеден 9850,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.Ауған соғысының қатысушыларына - 26 адамға 1300,0 мың Тәджік-ауған соғысының қатысушыларына 20 адамға 1000,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Туберкулез індетімен ауыратын 24адамға 1443,9 мың. теңгеге және аудан бойынша
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 49 балаға 1115,1 мың теңге көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында жыл басынан мүмкіндігі шектеулі 44 адам міндетті гигиеналық және техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарға, 19 адам қол арбаға, 10 өтініш сурдо құралдарға, 3 адам тифло құралдарға, 40 адам протездік ортопедиялық бұйымдарға, 53 адам санаторлы – курорттық жолдамаға өтініштер тіркеліп, қабылданды және әлеуметтік қызмет порталы арқылы тапсырыстар берілді.
Көксу ауданының «Жетісу» мүгедектер қоғамы арқылы 1 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері 18 мүгедек адамға көрсетіліп, 2581,8 мың теңге төленді.
«Инвакөмек» мүгедектер қоғамы аудандағы мүгедектігі бар адамдарға тасымалдау жұмыстарын жүргізіп 1094,0 мың теңге төленді.
49 мүгедек адамға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 49 жеке көмекшінің қызметтері «Берен» мүгедектер қоғамы арқылы әлеуметтік қызмет порталына жіберіліп, 16390,3 мың теңге төленді.
Мүмкіндігі шектеулі 31 балаға үйден 8 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 84 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттар мен мүгедектерге 16 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5-і 1,2 топтағы мүгедек, 79-і жасына байланысты зейнеткерлер.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған 5 адамға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 218,8 теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Бөлім басшысының м.у.а. А. Садуакасова