«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында Бағдарламаға тарту жоспары – 2251 адам, нақты – 1269 адам қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курсына сәуір айынан бастап 150 адам жолданды (жоспары – 150 адам). Ағымдағы жылдың маусым айында 150 адам оқуын аяқтап, 142 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2021 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап білім бөлімі арқылы кәсіптік оқуға 75 адам жіберіледі.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатына шағын несиеге өз ісін ашуға АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бұрынғы берілген, несиелік ресурстан соны қарыз алушылардың қайтадан қайтарған қаражат есебінен 54 адамға 178,9 млн. теңге қаражат берілді (жоспар – 60 адам).
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік оқытуға 118 адам жолданды(жоспары – 150 адам).
50 адамға (сән салонына – 6 адам , пиццерия – 1 адам, тігін цехы- 10 адам, мал шаруашалығы- 22 адам, дәнекерлеу ісі -3 адам, шаштараз – 2 адам, автосервис- 1 адам, құс асырау ісі- 2 адам, жеміс-жидек тас ісіне- 1 адам,кірпіш өндіру ісі- 1 адам, кулинария-1 адамға) Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілді ( жоспар - 70 адам).
Үшінші бағыт бойынша жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу:
Әлеуметтік жұмыс орнына - 52 адам жолданды ( жоспар – 46 адам). 6 адам жұмысын аяқтады, оның ішінде 1 адам жүктілігіне байланысты , 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар практикасына – 30 адам жолданды (жоспар – 65 адам). 7 адам тоқтатылды, оның ішінде 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Қоғамдық жұмысқа - 542 адам жолданды(жоспар - 645 адам). 55 адам жұмысын аяқтады, оның ішінде 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы» аясында наурыз айынан бастап "Алғашқы жұмыс орны" жобасы арқылы мейірбике мамандығы 1 адам, дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша 2 адам және Алғабас ауылдық округ әкімшілігне 1 адам техник бағдарламашы мамандығы бойынша, аудандық казпошта торабына радиоэлектроникамамандығы бойынша 1 адам жолданды (жоспар – 5 адам)
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 2 адам жұмысын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналастырылды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы физика пәні мұғалімі ретінде Н.Алдабергенов мектебіне 1 адам жолданды (жоспар – 2 адам).
Тұрақты жұмыс орындарына 488 адам жұмысқа орналастырылды.
2021 жылы сәуір айын қоса алғандағы мерзім ішінде Көксу ауданы бойынша 177 отбасыға (991 адамға) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді. 26 (102 адам) отбасыға шартсыз ақшалай көмек, ал 151 отбасыға (889 адамға) шартты ақшалай көмек ретінде көрсетіліп отыр.
Бағдарлама бағыттарына тарту жоспары - 72 адам.
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде бағдарламаға 63 адам тартылды:
Тұрақты жұмысқа орналасуға жоспар- 32 адам, нақты – 21 адам орналастырылды.
Ағымдағы жылдың 9 маусым айында жұмыспен қамту орталығы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Көксу аудандық орталық емханасы, Көксу ауданынң білім бөлімі, Көксу қант зауыты және «УызМайIndustry»ЖШС қатысып, бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жыл басынан 30 мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтініш білдірді. Оларды ішінде: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсына сәуір айынан бастап 2 адам жолданды.
Бағдарламаның екінші бағыты "Бастау Бизнес" жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік оқытуға 1 адам жолданды.
Үшінші бағыт бойынша жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу:
Қоғамдық жұмысқа 19 адам, Әлеуметтік жұмыс орнына 1адам уақытша жұмысқа жолданды.
Тұрақты бос жұмыс орындарына 11 адам, оның ішінде 4 адам квота бойынша жұмысқа орналасты.
Жыл басынан пробация есебінде тұрған азаматтарға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жұмыспен қамту орталығынаорталығына пробация есебінде тұрған азаматтардан 35 адам жүгінді. Оларға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті бірінші бағытын іске асыру шеңберінде еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курсына сәуір айынан бастап 2 адам электрогазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқуға жолданды, 3 маусым айында оқуларын аяқтады.
Екінші бағыт: "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік оқытуға 2 адамжәне 1 адам түзету мекемесінен босатылған сәуір айынан бастап «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданып, оқуларын тәмамдады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 адамға грант берілді (дәнекерлеу ісі бойынша, пескоблок шығаруға, мал шаруашылығына).
Үшінші бағыт бойынша жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу:
Тұрақты жұмыс орындарына пробация есебіндегі 3 жұмыссыз азамат квота бойынша «Уыз-Май Industry» ЖШС - не жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды. Квотадан тыс 2 адам: «Рахымбек» ЖК-не малшы ретінде, «Бағдат» ЖШҚ-не жұмысшы тұрақты жұмысқа орналасты.
2021 жылдың 26 ақпан күні «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен Көксу ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бейнережимде өткізілді.