Меню

Страницы

Статья

Құрылыс саласы туралы 2021 жылдың II тоқсан бойынша ақпарат

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша

  1. Осы бағдарлама бойынша Көксу ауданының Балпық би ауылында 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мердігер ұйым «СП NEFT» ЖШС-гі. 2020 жылғы 19 наурызда «СП NEFT» ЖШС-мен жалпы сомасы 551 миллион теңгеге ҚМЖ №19 шарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың 8 сәуірінен басталған. Нысанды тапсыру мерзімі 2021 жылдың шілде айына жоспарланған.

Балпық би 60 кв үй:

Пәтер саны-60, оның ішінде:

1 ком-28 дана

2 ком-32 дана

  1. Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және осы үйді абаттандыру үшін 2020 жылғы 10 наурызда Көксу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Қорытындының хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «Монолит» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 23 сәуірде «Монолит» ЖШС-мен жалпы сомасы 76 миллион теңгеге ҚМЖ №24 шарт жасалды. Бұл нысан үймен бірге аяқталады.
  2. Сондай-ақ, 2021 жылдың 13 қаңтарында Көксу ауданы әкімінің аппараты осы бағдарлама бойынша жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 40 гектарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілер (сыртқы электрмен жабдықтау) салу үшін мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялады. Женімпаз болып «Монолит» ЖШС-гі анықталды. ҚМЖ-ның басталуы 2021 жылдың сәуір айына жоспарланған. Барлық инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін ЖТҚ салу үшін 186 учаске қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы учаскіде ауыз су құбырларының құрылысы аяқталды.
  3. Осы бағдарлама бойынша Балпық би ауылында 2020 жылдың 12 қаңтарында Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы 20 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялады. Женімпаз болып «Шымыр» ЖШС-гі анықталды. ҚМЖ-ның басталуы 2021 жылдың сәуір айына жоспарланған. Нысанның сметалық құны - 247 миллион 288 мың теңгені құрады. Бұл үйдің құрылысы аяқталған соң пәтерлер көп балалы және азқамтылған отбасыларға беріледі.

Ғимараттың қабаттылығы-5

Пәтер саны – 20 оның ішінде:

Екі бөлмелі-10 дана

Үш бөлмелі-10 дана

  1. Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және осы үйді абаттандыру үшін 2021 жылғы 13 қаңтарда Көксу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялады. Женімпаз болып «Сем шоғы құрылыс сервис» ЖШС-гі анықталды. Нысанның сметалық құны - 39 миллион 088 мың теңгені құрады.
  2. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 21 төрт бөлмелі жалға берілетін тұрғын үйдің (әрқайсысы ауданы-80 м2 10 үй және әрқайсысы ауданы-100 м2 11 үй) құрылысы» нысаны бойынша жобалау - сметалық құжаттаманы әзірлеу 2019 жылғы 5 маусымда «АРС ЛТД» ЖШС-мен басталып, толығымен аяқталды. Қазіргі таңда ЖСҚ-ма сараптамадан өтуде. Нысанының құрылысына қаражаттар бөлінуі 2022 жылға жоспарланған.

Үйлердің қабаттылығы-1

Үйлер саны-21

Ауданы – 80 ш. м. 10 үй

Ауданы 100 ш. м. 11 үй

  1. Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 20 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы» (Мырзабеков көшесі) нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Көксу ауданы әкімінің аппараты 2020 жылғы 12 наурызда Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Жеңімпаз болып «Ремстройпроект» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 18 мамырда жалпы сомасы 8 миллион теңгеге №29 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 8,5 ай). Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталды. ЖСҚ сараптамадан өтуде.
  2. Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және осы үйді абаттандыру үшін 2020 жылғы 12 наурызда Көксу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Жеңімпаз болып «Геодезия Сервис» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 12 мамырда жалпы сомасы 2 миллион теңгеге №28 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 6 ай). Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда.
  3. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін (Қабылиса көшесі) Көксу ауданы әкімінің аппаратына конкурс берілді. Женімпаз болып «Жетісу саулет құрылысы» ЖШС-гі анықталды. Келісім-шарттың жалпы сомасы 10 миллион 269 мың тенге. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу толығымен аяқталды. Қазіргі таңда Epsd порталына құжаттарды жүктеу жұмыстары жүргізілуде.
  4. Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және осы үйді абаттандыру үшін 2020 жылғы 12 наурызда Көксу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялады. Жеңімпаз болып «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС анықталды. 2020 жылғы 25 мамырда жалпы сомасы 6 миллион 919 мың 709 теңгеге №33 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 12,1 ай). Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталды. Epsd порталына құжаттарды жүктеу жұмыстары жүргізілуде.

«Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша»

  1. «Алматы облысы Көксу ауданы Баплық би ауылында 200 адам қабылдайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша №ЭЦКос-0022/20 т 26.03.2020 ж.сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны - 435 миллион 839 мың теңгені, техникалық қадағалау - 14 миллион 121 мың теңгені, авторлық қадағалау – 4 миллион 881 мың теңгені құрады. Жалпы сомасы 454 миллион 842 мың 030 теңге. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
  2. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды, 06.04.2020 ж. №18-0041/20 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның сметалық құны - 1 миллиард 73 миллион 765 мың теңгені, техникалық қадағалау - 31 миллион 461 мың теңгені, авторлық қадағалау - 10 миллион 845 мың теңгені құрады. Жалпы сомасы 1 миллиард 116 миллион 071 мың 322 теңге. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
  3. Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Бесқайнар ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектеп құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2019 жылдың 12 сәуірінде Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Қорытындылардың хаттамасы бойынша жеңімпаз болып «Үлгілік және эксперименттік жобалау ғылыми-зерттеу институты» (тұрғын үй институты)ЖШС анықталды. 2019 жылғы 16 маусымда «Үлгілік және эксперименттік жобалау ғылыми-зерттеу институты» (тұрғын үй институты) ЖШС-мен жалпы сомасы 36 миллион 123 мың 840 теңгеге №61 шарт жасалды (шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 14,6 ай, сараптамадан өтуімен 17,1 ай). «АРС ЛТД» ЖШС-мен қосалқы мердігерлік жұмыстарға шарт жасаған "ҮТЖҒЗИ (тұрғын үй институты)" ЖШС жобалау ұйымы бүгінгі күні жобалау жұмыстары аяқталды. Сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін хаттар мен бюджеттік өтінім жіберілді.
  4. Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Қаратал ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектеп құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2020 жылдың 12 наурызында Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялады. Жеңімпаз болып «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 24 шілдеде жалпы сомасы 35 миллион 137 мың 944 теңгеге №39 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 14,1 ай), бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу Алматы облыстық құрылыс басқармасымен жүргізілуде.
  5. Сондай-ақ, «Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылында Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2020 жылдың 12 наурызында Көксу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялады. Жеңімпаз болып «Стройтекст» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 25 мамырда жалпы сомасы 7 миллион 717 мың 773 теңгеге №31 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 6,1 ай). Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды. Сараптамаға конкурс жарияланды. Бүгінгі күні конкурс шағым қаралуда.
  6.  Сонымен қатар, «Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы интернат ғимаратына асхана-ас блогының жапсаржай құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2020 жылдың 12 наурызында Көксу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу порталында байқау жариялады. Жеңімпаз болып «Стройтекст» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 14 мамырда жалпы сомасы 6 миллион 808 мың 210 теңгеге №30 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 4,6 ай). 2020 жылға 9 миллион 307 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды. Бүгінгі күні Алматы облыстық құрылыс басқармасымен сараптамадын оң қорытындысы алынды.
  7. Сондай-ақ, «Көксу ауданы Балпық би ауылындағы бұрынғы спорт мектебінің ғимаратын «Жұлдыз» балабақшасына қайта жаңарту» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2020 жылғы 15 қазанда Мемлекеттік сатып алу порталында. Жеңімпаз болып «Стройтекст» ЖШС-гі анықталды. 2020 жылғы 2 желтоқсанда жалпы сомасы 13 миллион 869 мың теңгеге №61 шарт жасалды(шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 6,9 ай). 2020 жылға жергілікті бюджеттен 500 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда техникалық қорытынды алынды. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу Алматы облыстық құрылыс басқармасымен жүргізілуде.

8. Сондай-ақ, Алматы облысының құрылыс басқармасы «Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында 2 шығуға арналған өрт сөндіру депосын құрылысы» объектісінің үлгілік жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын бастады. Жобалау ұйымы «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС-гі. Бүгінгі күні ЖСҚ-ны әзірлеу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Алматы облыстық құрылыс басқармасымен сараптамадын оң қорытындысы алынды.

Дата публикации
12 июля 2021
Дата обновления
12 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы