2021 жылдың ІІ тоқсанында аудан аумағында жер қатынастары саласында атқарылатын іс-шаралар қолданыстағы жер заңнама талаптарына және бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жер қатынастары саласы бойынша түскен өтініштер аудандық және ауылдық округітерде құрылған жер қатынастарын реттеу комиссияларымен қаралды.
2021 жылдың ІІ тоқсанында бөлімге 83 өтініштер түсті. Түскен өтініштерден – 41 заңды тұлғалардан, 42 жеке тұлға азаматтардан.
2021 жылдың ІІтоқсанында Қазақстан Ұлттық Экономика Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығына сәйкес азаматтар мен заңды тұлағаларға 3 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
Оның ішінде: «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызмет түрі бойынша - 287.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жеручаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 0
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 20
Сонымен қатар, бөлім мамандарымен 271 келісім-шарттар жасалды, оның ішінде: 215 - жеке шаруа қожалықтарымен жер телімдерін тиімді, нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, 56 - келісім-шарт тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген жер телімдерін пайдалануға.
Ауданның жер қатынастары бөлімі мамандарымен азаматтар мен заңды тұлғаларға жоғарыда көрсетілген іс-шаралар мен қызметтер бойынша жүргізілетін жұмыстар бөлімде белгілініп, бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жүргізілген жұмыстар ауылдық округтер әкімдігінің, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Көксу ауданыны бөлімшесінің және Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мамандарымен бірігіп атқарылды.
Бөлім басшысы А.Ахметов