Меню

Страницы

Статья

І және ІІ тоқсандарда атқарған жұмыстары туралы

  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруда,

2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны   

         орындау жөніндегі  іс-шаралар жоспарына сәйкес, 

     Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021жылғы

       І және ІІ тоқсандарда атқарған жұмыстары туралы

 

  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі                   «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-2-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын туралы» № 401 қаулысына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2017–2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2020 жылғы  18 ақпандағы № 58 қаулысын іске асыру мақсатында  Көксу ауданы әкімдігі  2020 жылы аталған бағдарламаға сәйкес, аудан әкімінің Қаулысын бекіткен болатын.

 Қаулыда Көксу ауданының «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілді.

 Бекітілген қаулы бойынша барлық нысандағы мекеме, кәсіпорын, ұйым басшыларына, ауылдық округтің әкімдеріне іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету және «Көксу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жыл сайын 1 шілде мен 20 желтоқсаннан кешіктірмей іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру ұсынылды.

 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі                    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-2-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын туралы» №401 қаулысына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2017–2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2019 жылғы 26 ақпандағы № 79 қаулысын іске асыру мақсатында, Көксу ауданында біршама жұмыстар атқарылған болатын.

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың берген тапсырмасын орындау мақсатында 2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Тіл комитеті дайындаған Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы  2011 жылғы 29 маусымда ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру туралы №110 Жарлығына сәйкес, бағдарламаны іске асыру мақсатында қазіргі таңда, ауданымыздағы негізгі тіл саясаты осы бағдарлама аясында жүргізілуде.

 «Тілдердің үштұғырлығы» және Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында,  Көксу ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі,  Алматы облысы әкімінің 2020-2025 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспарын»  жүзеге  асырудағы 2020 жылғы 18 ақпандағы № 58 қаулысына сәйкес, төмендегідей жұмыстар атқаруда:

 2020 жылдың басындағы тіл туралы жұмысшы тобының алғашқы отырысында қарастырылғандай, латын әліпбиі тақырыбына орай, ауданның барлық кітапханаларында "Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам",

 "Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы", "Латын әліпбиі–  қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады" деген тақырыптарда ауданның сан алуан мекеме мамандарының қатысуымен түрлі деңгейдегі пікірталас, дөңгелек үстел, конференциялар өткізіліп келеді.

 Сонымен қатар, аудан көлемінде «Латын әліпбиіне көшу: заман талабы», «Латын әліпбиі – болашаққа бастар жол», «Жаңғыру – жазудан басталады», «Рухани жаңғыруға өз үлесімізді қосу – парызымыз», «Латын әліпбиі – Тәуелсіздік жолы», «Латын әліпбиі –келешектің кілті», «Латын әліпбиі» – рухани Тәуелсіздік жолы» атты тақырыптарда алқалы басқосу жиындары ұйымдастырылды.

  Былтырғы 2020 жылдың желтоқсан айының 2 ші онкүндігінде «Тіл және Ономастика» тобының кезекті тоқсандық отырысы ұйымдастырылып, топтың жыл бойғы атқарған жұмысы қорытындыланып, сарапталған болатын. Сондай- ақ, биылғы жылдың жоспарының алғышарттары белгіленін, жобаланған.

  Ал, жұмысшы тобының атқарған жұмыстары жайлы ақпарат өткен жылдың соңында аудандық басылымға, көлемді мақала түрінде жарияланды.

  2021 жаңа жыл басынан бері «Тіл және Ономастика» жұмысшы тобының жылдық жоспарлары бекітіліп, алғашқы отырыс 11 қаңтарда болып өтті.

 Наурыз айының 12 жұлдызында «Тіл және Ономастика» тобының кеңейтілген отырысы болып өтті.

 Ол отырыста  «Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандағы барлық округ әкімдеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, ономастикалық атауларды реттеу бойынша, көрнекі ақпарат құралдарын, жарнамалардағы ҚР Тіл Заңының сақталуын қадағалау жұмыстарын жетілдіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

 Әр тоқсанның соңында «Тіл мен Ономастика» бағытында атқарылған жұмыстар туралы басылым беттеріне сараптамалық- талдау мақала жарияланды.

 Өткен 2020 жылдың 16 наурызында еліміз бойынша төтенше жағдай жариялануына орай, биыл да барлық іс- шаралар онлайн форматта өтуде.

 Биылңы 2021 жылдың ІІ Тоқсаны бойынша «Тіл және Ономастика» жұмысшы тобының отырысы онлайн форматта өткізіліп, жиында ауылдардағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің бүгінгі күнгі жағдайына талдау жасалып, сол бағыттағы жүргізілетін жұмыстарға нұсқаулық беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ауылдардағы ауыстыруға жататын  кеңес дәуірінде мән-мағынасыз берілген орысша көше атаулары туралы,  жалпы көше атауларында, сыртқы жарнама, маңдайшаларда кеткен кемшіліктер туралы зерделеу жұмыстарының қорытындысы баяндалып,  ҚР Тіл туралы Заңнамасы түсіндіріліп, әр округ әкімдеріне нұсқаулық, жадынама, жұмыс  папкалары таратылды.

 Жылдағы дәстүрлі «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы жүргізіліп, аудан бойынша 80 нен аса  нысанға зерделеу жүргізілді.  18 нысанның кемшілігі түзетіліп, 6 нысан иелеріне «Түсіндірме жазбаша хат» толтырылды. Зерделеу нәтижелері туралы аудандық басылым мен әлеуметтік желіге жүйелі түрде жарияланып тұрады..

 Сондай- ақ, аудандағы ономастикалық атаулар бойынша жұмыс жүргізіліп, идеологиялық ескірген атауларды ауыстыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

 Аталған сала бойынша Талапты ауылындағы Талапты орта мектебіне Б.Дәндібаевтың есімін беру туралы ұсыныс, «Тіл және Ономастика» жұмысшы тобы отырысында қаралып, бүгінгі таңда облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылды.

 Мемлекеттік тілде сөйлеушінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған PR-шараларды қарқынды жүргізуді, тиісті көрнекі ақпаратты өз деңгейінде таратуды бақылауда ұстау.

 Бұл бағытта ай сайын мемлекеттік орган қызметкерлері «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша тестіленіп отырады.

 Аудандағы тіл оқыту- әдістемелік орталығының мамандары ауданның мемлекеттік мекемелері мен бөлімдерінің  мамандарын тестен өткізіп отырады және нәтижесін облыстық тіл оқыту- әдістемелік орталығына жолдап отырады.

 Сондай- ақ, аталған мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтердің құжат айналымының мемлекеттік тілдегі сапасын анықтау мақсатында, әр тоқсан сайын кіріс- шығыс құжат айналымының пайыздық көрсеткіші туралы мәлімет жиналады.

 Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ауданға 2020 жылы мемлекеттік бюджеттен 1млн. 05 мың теңге қаражат бөлінсе, биыл 1 млн.82 мың теңге бөлініп отыр.

 Аталған қаржы өз мақсатында жұмсалуы жолға қойылып, Көксу ауданында жыл сайынғы аудандық «Текті сөздің төресі», «Тіл шебері», «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» «Тіл- ғұмыр», «Абай оқулары», «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы», «Тілдарын», «Мемлекеттік тіл және БАҚ»,  атты байқаулары өткізіліп, қорытындысы аудандық басылымда жүйелі түрде жарияланып отырады. Биыл да аудан көлемінде, аталған байқаулар қатарында: «Тіл- ғұмыр», «Абай оқулары», «Мен қазақша сөйлеймін»,  «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы», «Мемлекеттік тіл және БАҚ»  атты байқаулар  карантин мерзімінде, онлайн режимде  өз деңгейінде ұйымдастырылды.

 Аталған байқаулар  аясында,  ауданның үміткері былтыр 2020 жылы, онлайн режимде өткен, облыстық «Абай оқулары» байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды, ал екінші үміткер «Тіл шебері» облыстық байқауында І орынды иеленсе, биыл бір үміткеріміз «Тіл- ғұмыр» облыстық байқауында ІІІ орынды иеленіп отыр.

 Сондай-ақ, жергілікті мерзімдік баспасөзде, әлеуметтік желі парақшаларында мемлекеттік тіл туралы бағдарламаның орындалуы туралы, ауданның әр мемлекеттік мекемесі мамандарының мақалалары  жарық көріп тұрады.

 Осындай келелі міндеттер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

 

                                

 

 

Дата публикации
29 июня 2021
Дата обновления
29 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы