1 маусымда ұлттық халық санағының бірінші дайындық кезеңі басталды. Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін Көксу ауданының әрбір елді мекенінде интервьюерлер тұрғын үйлерге (тұрғын ғимараттарға) және тұрғын емес үй-жайларға тікелей (жеке) бару және оларда тұрақты тұратын адамдардың адамдардың санын нақтылау арқылы оларды аралау және есепке алу жүргізіледі. Осы жұмыстарды жүргізу үшін ауданда 2 нұсқаушы – бақылаушы және 10 интервьюер тартылды.
Уақытша санақ персоналы жиналған ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істеуге үйретілді.
Учаскені аралау кезінде интервьюердің өзімен бірге тегі, аты, әкесінің аты берілген күні оның қолданылу мерзімі көрсетілген фотосуреті бар куәлігі, халық санағының нышаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті басшысының қолы мен мөрі басылған. Бұдан басқа әрбір интервьюерде халық санағының символикасы бар көк түсті портфель бар.
Санақтың дайындық кезеңінде алынған мәліметтер санақ аудандастыруды жүргізу, яғни аумақты нұсқау және есеп учаскелеріне бөлу және халық санағының негізгі кезеңі үшін ұйымдастыру жоспарын жасау үшін пайдаланатын болады. Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар бірыңғай call-орталыққа ұялы және стационарлық телефондарға арналған 1446 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ 88000800878 нөмері жұмыс жасайды.