«Көксу ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» бағдарлама қызметкерлер арасында қызу талқылануда.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және рухани-адамгершілік ахуалы туралы Бөлім мамандарына түсіндіріліп,күнделікті бақылауға алынған.
Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» отырыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп тұрады.
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына сәйкес сәулет және қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізілген «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» толықтай электрондық форматқа ауыстырылды, яғни «электронды үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Заңды немесе жеке тұлға электронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦП) «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қажетті құжаттар тізбесімен өтініш жолдауға мүмкіндігі бар.
2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша орындалуы:
Аудандық бөлімде жыл басынан 69 сәулет - жоспарлау тапсырмалары дайындалып берілді.
66 эскиздік жобалар келісілді.
Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде 70 анықтама берілді.
Бөлімде мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе соларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жағдай болған жағдайда жауапқа тартылатыны айтылып,түсіндірілді.
Бөлім басшысы Ж. Тулеуов
Орын.: Р.Отарбаев
Тел.: 2-08-78