Меню

Страницы

Статья

Емханаға тіркелудің 3 жолы

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:

Портал арқылы Egov.kz:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз
2. Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз"
3. Қызметті онлайн сұраңыз
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз
5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.

 Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot:
1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
2. Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" ашыңыз"
3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз"
4. Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)
5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз
6. Әрі қарай, бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды
7. Растау кодын енгізіңіз
8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.

Емхана арқылы:
Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.

 Қызмет көрсету мерзімі-1 жұмыс күні.

 Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесіз.

Дата публикации
19 мая 2021
Дата обновления
19 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы