«Нақты егіншілік жүйесінде жүгері, соя және қант қызылшасын өсірудің қарқынды технологиялары кешенін енгізу» атты семинар жиын
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Көксу аудандық мәжіліс залында Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Нақты егіншілік жүйесінде жүгері, соя және қант қызылшасын өсірудің қарқынды технологиялары кешенін енгізу» атты семинар жиын өтті. Іс шараға Көксу ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Бірініші кезекте, семинарды Көксу ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі, Шалқыбеков Ержан Өтегенұлы жүргізді. Ең алғаш болып сөз алған ауыл шарушылығы ғылымдарының кандидаты, Хидиров Азамат Эдильбекович «Нақты егіншілік жүйесінде жүгері, соя және қант қызылшасын өсірудің қарқынды технологиялары кешенін енгізу» тақырыбында біраз мәліметтерді беріп өтті. Ары қарай сөз алған, Калибаев Бауыржан Бакитжанович ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы институттың маңыздылығы туралы айтып өтті. Келесі баяндамашы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әбілқайыр Ануарұлы Бексұлтанов болды. Ол жиналғандарға гербицидтердің дұрыс қолданылуы, қант қызылшасының тұқымын таңдау, сонымен қатар жаңа ауылшаруашылық техникаларының артықшылығы туралы: тұқым сепкіш, соқа, жинайтын комбайндар туралы айтты. Сонымен қатар, Дидоренко Светлана Владимировна, Жапаев Рауан, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бастаубаева Шолпан Оразовна семинарды толықтыра түсті. Жиын барысында айтылған ойлар мен сұрақтарға жауаптарда болды. Жиынға барлығы 150 – ге жуық шаруашылық иелері, институт өкілдері, мамандар қатысқан болатын.