Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар ашу автоматты түрде жүзеге асырылады

 2021 жылғы 1 мамырдан бастап БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға негіз болады.

 ЕЗЖ – ны салымшы-жеке тұлға өз табысы есебінен өз пайдасына, сондай-ақ салымшы (жеке немесе заңды тұлға) алушының пайдасына аудара алады. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.

 Жеке тұлға өз табысы есебінен өз пайдасына ЕЗЖ төлеген кезде салық заңнамасында төленген ЕЗЖ сомасына салықтық шегерім көзделгенін атап өткен жөн.

 Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық агенті (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкердің пайдасына Төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.

 Осылайша, жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына ЕЗЖ жүзеге асыра отырып, салық салу кезінде артықшылықтарға, сондай-ақ өз қызметкерлерін ынталандырудың қосымша құралына ие болады. Қызметкер үшін бұл ЕЗЖ есебінен БЖЗҚ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомаларының ұлғаюына және тиісінше БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің ұлғаюына оң әсер етеді.

 БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе "Қазпошта"АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ жарналарды онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге хабарлау мүмкіндігі бар, соның негізінде соңғысы өтініш берушінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны тұрақты түрде аударатын болады.

 Бұл ретте ЕЗЖ пайдасына жүргізілетін жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген Дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады, ал барлық қажетті мәліметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері туралы, тұрақты тұратын жері туралы, БЖЗҚ-ның өзге де мәліметтері мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алынатын болады.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ "ЖЗҚ"АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ мына сілтеме бойынша www.enpf.kz)

Дата публикации
17 мая 2021
Дата обновления
17 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы