Меню

Страницы

Статья

Жер кадастры бойынша қызметтер ХҚО арқылы қолжетімді

 2021 жылғы 30 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) техникалық ақау туындады. Соның салдарынан электронды түрде бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмады.
 Қазіргі таңда eGov.kz порталында «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жобаланатын жер учаскесін МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметтері қолжетімсіз.
 Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін МЖК ААЖ сервистері өзгертіледі. Оған дейін жер кадастры бойынша барлық мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады.
 Сервисті түрлендіру процесі аяқталғаннан кейін жер кадастры бойынша қызметтер eGov.kz арқылы қайтадан қолжетімді болады. Бүгінде клиенттерге қызмет алу үшін жер телімі орналасқан ауданға қарасты ХҚО-ға жүгіну қажет.

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы