Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдарында қауіпті болып есептеледі. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп атап көрсеткен болатын.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Өзім басқарып жүрген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында бір шама іс шаралар жүргізілуде.
Көксу ауданы бойынша азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерін жүргізу мақсатында 2006 жылы аудан әкімдігінің жанынан аудан әкімінің орынбасары төрағалық ететін тұрғын үй комиссиясы құрылып тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу есебі жүргізілуде.
Жалпы Көксу ауданында 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін шамамен 150-ден астам тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан тұрғын үйлер берілді.
Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеуі қатаң бақылауға алынып, мұқтаж азаматтарға тұрғын үйлер беру заң нормаларына сәйкес жүргізілуде.
Бүгінгі күнге жоғарыда аталған тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне 1 111 азамат есепке алынды.
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 71 бабы 5 тармағына сәйкес ауданда тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді. Түгендеу қорытындысы нәтижесіндегі тұрғын үйге мұқтаж адамдардың жаңартылған тізімі бұқаралық ақпарат көздері мен аудан әкімінің сайтында жарияланады.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында бөлім қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әрбір мемлекеттік қызметшінің заң баптарын терең білуі және іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етуі – бұлжымас міндет болып табылады. Олардың өз міндеттерін орындап қана қоймай қоғамдық-саяси өмірге белсенділікпен араласуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске араласуы біздің бөлім тарапында табанды түрде талап етіледі.
Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өз отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 30 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.