Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек

  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дамыған өңірлік желілері бар. Алайда Қазақстан аумағының кең байтақ екендігіне байланысты әрбір шалғай ауданда немесе елдімекенде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерін ашу мүмкін емес. Сондықтан осы мәселені шешу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильді кеңсе» жобасының жұмыс істеп келе жатқанына биыл міне, үшінші жыл. «Мобильді кеңсе» – салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде жерсеріктік байланыс құралдарымен жабдықталған заманауи шағын автобус.

  Шалғайдағы елдімекен тұрғындары БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетінбарлық қызметтерді «Мобильді кеңсе» арқылы ала алады.Атап айтқанда, жұртшылық шоттан үзінді көшірме алуға немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашып, ақпараттандыру тәсілін өзгерте алады және т.б.

  Қазіргі уақытта «Мобильді кеңсе» Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шалғай елдімекендерге қызмет көрсетуде.

  БЖЗҚ 2021 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының шалғайдағы елді мекендерін жылжымалы кеңселермен қамтыды.

  «Мобильді кеңсенің» шалғай аудандарға сапары жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіледі. Олар өз кезегінде тұрғындарды «Мобильді кеңсенің» келетіндігі туралы хабардар етеді.

Дата публикации
14 апреля 2021
Дата обновления
14 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы