Меню

Страницы

Статья

Көктемгі дала жұмыстары туралы мәлімет

 Үстіміздегі жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы егіс көлемі 31710 гектарға себіледі деп жоспарлануда.

 Себілген көп жылдық шөп - 3944 га, күздік дәндік дақылдары - 2840 га. Қазіргі уақытта 112 га күздік дақылдарға жер тырмаланды.

 Жоспар бойынша ағымдағы жылы себілетін жаздық дақылдардың көлемі – 20056  га.  220 га жер жыртылды.      

  Жаздық масақты дәнді дақылдардың егістік көлемі – 8381 гектар,оның ішінде: жаздық бидай 962  га,жаздық арпа  5224 га,2195 га дәндік жүгері.

  Майлы дақылдар – 10395 га: оның ішінде: күнбағыс- 100 га, майбұршақ – 10082  га, мақсары -213 га

  Техникалық дақылдар:оның ішінде: картоп -1151 га,көкөніс - 885 га, бақша -140 га себіледі деп күтілуде.

  Мал азығы дақылдарының көлемі - 5318 га,125 га сүрлем жүгері, 3944 га - көп жылдық шөп, (1249 га - бір жылдық шөп)).

Қазіргі уақытта  күздік дақылдарды, көп жылдық дақылдарды

 Қант қызылшасы 2600 га себіледі деп жоспарлануда. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы арқылы 50 шаруа қожалыққа 1034 қант қызылшасының себу бірлігіне сұраныс берілді (779 га). Шаруашылқтардың қолында 666 себу бірлік шетелдік селекцияның тұқымы бар (512 га), сонымен қатар басқада жеткізушілірге 89 бірлікке өтінім берілген (68 га). «Қамқорлық» ЖШҚ арқылы 1 шаруа қожалық 60 кг қант қызылшасы тұқымына сұраныс берілді.

  Ағымдағы жылы себу науқанына жаздық дәнді - дақыл мен майлы дақылдардың тұқымы «Казагрэкс» зертханасына өткізілді. Жаздық дәнді дақылдарды өткізу жоспар – 1236 тн,  өткізілгені         1236  тн немесе 100% орындалды. Қант қызылшасы жоспар – 666 с.б зертханаға өткізілгені 667 себу бірлігі немесе  % орындалды.

  Көктемгі дала жұмыстарына техника  98 % дайын. (567 трактор, (98 %), 144 соқа (95%), қант қызылшасының сепкіші – 12 дана, (100%), қопсытқыштар – 10 дана (100 %), жер тырмалары 66 дана (100  %), басқа да сепкіштер 98 дана (100 %).Сонымен қатар, басқа да ауыл шаруашылығы техникалары дала жұмыстарында істеуде.

  Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің минералды тыңайтқыштардың қолда бары 232 тн, қажетті минералды тыңайтқыштар 654 тн.  Арзандатылған отандық өнім 112 тн селитра, 220 тн аммофос «КазАзот», «Казфосфат» ЖШС-мен келісімге отырды. 2020 жылы қажетті минералды тыңайтқыштар 560 тонна.  Қолда бар тыңайтқыштар көлемі – 205 тонна.  «КазАзот», «Казфосфат» ЖШС-мен келісімге отырғаны 260 тонна.

 Көктемгі дала жұмысына арзандатылған 700 тонна  жанар- жағармайға сұраныс берілді. Талдықорған қаласындағы  «Қарамай Продактс»  ЖШС – і арқылы  300 тонна жанар –жағармайын 168 теңге 1 литр,  Үштөбе қаласындағы «Silka Way Petroleum»  ЖШС-і арқылы 400 тонна жанар –жағармайын 163 теңге 1 литр тауар өндірушілерге алуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда жеке шаруа қожалықтардың қолда бар жанар – жағармайы 477 тонна.

 2021 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 11 шаруа қожалығы  «Жетінар» кредиттік серіктестігі арқылы құжаттар жинақталып,  80 млн теңге көлемінде сұраныс берілді.

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы