2021 жылдың басынан «Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) бұрын және жаңадан салынған объектілер үшін алғашқы құжаттарды дайындалды. Жаңадан салынатын объектілер үшін техниқалық қорытынды және қаулылардың негізінде сәулеттік - жоспарлау тапсырмаларыберіледі.
Республикалық «Алматы – Өскемен» автокөлік жол бойында орналасқан нысандардың иелеріне сәулеттік - эстетикалық келбетін талапқа сай келтіру үшін эскиздік ұсыныс дайындалып, нысанның иелеріне жазбаша түрде ескертулер берілді.Объектілердің эстетикалық келбетін талапқа сай келтіру жұмыстары жалғастырылуда және бақылауға алынды.
Аудан тұрғындары есебінен салынған тұрғын үйлер
2021 жылдың бірінші тоқсанында тұрғындардың есебінен жалпы көлемі 891,0шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді(жалпы сомасы106920000тг.). Сәуір айында тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспарға сәйкес күтілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Аудандық бөлімде жыл басынан 69 сәулет - жоспарлау тапсырмалары дайындалып берілді.
66 эскиздік жобалар келісілді.
Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде 70 анықтама берілді.