2021 жылдың І тоқсанында аудан аумағында жер қатынастары саласында атқарылатын іс-шаралар қолданыстағы жер заңнама талаптарына және бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жер қатынастары саласы бойынша түскен өтініштер аудандық және ауылдық округітерде құрылған жер қатынастарын реттеу комиссияларымен қаралды.
2021 жылдың І тоқсанында бөлімге 52 өтініштер түсті. Түскен өтініштерден – 24 заңды тұлғалардан, 28 жеке тұлға азаматтардан.
2020 жылдың ІV тоқсанында Қазақстан Ұлттық Экономика Министрінің 2015 жылғы 03 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығына сәйкес азаматтар мен заңды тұлағаларға 3 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
Оның ішінде: «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызмет түрі бойынша-141.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»-5
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»-7
Сонымен қатар, бөлім мамандарымен 136 келісім-шарттар жасалды, оның ішінде: 107- жеке шаруа қожалықтарымен жер телімдерін тиімді, нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, 29- келісім-шарт тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген жер телімдерін пайдалануға.
Ауданның жер қатынастары бөлімі мамандарымен азаматтар мен заңды тұлғаларға жоғарыда көрсетілген іс-шаралар мен қызметтер бойынша жүргізілетін жұмыстар бөлімде белгілініп, бекітілген жоспарға сай атқарылды.
Жүргізілген жұмыстар ауылдық округтер әкімдігінің, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Көксу ауданыны бөлімшесінің және Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мамандарымен бірігіп атқарылды.
Бөлім басшысы А. Ахметов