Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат бөлімімен 2020 жылы 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қолдануы мен насихатталуы туралы

 Мемлекттік Рәміздер жөніндегі комиссия құрамында  ауданға  беделді  сала басшылары, ҮЕҰ-дар, жастар, ақсақалдар өкілдерінен  құрамына  енгізілген 11 мүшесі бар.

 Аудан әкімдігі жанындағы «ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану және насихаттау жөніндегі аудандық комиссиясының» 2021 жылға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес наурыз айында Айнабұлақ, Алғабас, Мұқыры ауылдық округі әкімшілігі жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссиялардың мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша атқарған жұмыстары туралы тақырыбында     1 комиссия отырысы өткізілді.

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңының талаптарын сақтау бойынша ауылдық округтерде және мемлекеттік мекемелерге зерделеу жұмыстары және қадағалау шаралары тұрақты жүргізілуде.

 Ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекеттік саясатты, Елбасының  Жолдауымен үйлестіріп насихаттау жолында және ҚР Мемлекеттік Рәміздерін  қолдану, пайдалану және насихаттау жөніндегі  жұмыстар  жүйелі  түрде  атқарылуда  және  тұрақты бақылауда, методикалық көмек көрсетілуде.

Дін саласы туралы

 Аудан әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрамы және кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Бекітілген жұмыс жоспары кеңес мүшелеріне және ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

 Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айында «Округ көлемінде ҚР-ның Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламаны іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы» Қабылиса, Мұсабек ауылдық округі әкімдерінің есебі тыңдалды.

 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 484 Заңының талаптарын орындау мақсатында Көксу ауданы бойынша діни бірлестіктерге талдау, зерделеу жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Яғни, бүгінгі таңда аймағымызда 16 діни бірлестік пен филиалдары өз қызметін атқарады, оның ішінде ислам бағытында – 14 мешіт, православтық бағытта – 1 шіркеу, протестанттық бағытта – 1 шіркеу тіркелген.

 Сонымен қатар, Аудан бойынша жат ағымның арбауына кетуден қорғау, діни мәселелерді түсіндіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатының  2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын және 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  мақсатында мемлекеттік қызметшілерден, аудан имамдарынан, кәсіпорын бастықтары мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдары, білім бөлімінің қызметкерлерінен құралған 12 мүшесі бар ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жоспарына сәйкес және жоспардан тыс іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

 Көксу ауданы бойынша дінтанушы маман М.Бектемиров тарапынан «Kazdream media» бағдарламасы арқылы интернет кеңістігінде талдау жұмысы жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тиым салынған діни топтарға тіркелген азаматтарға смс ескерту хабарламалар жіберілді.

 Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні ақпараттық түсіндіру тобының жоспарынан тыс Мұқыры ауылдық округінің тұрғындарына «Адастырушы ағымдардың алдын алу» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.

 16 ақпан күні АТТ жоспарына сәйкес Балпық би ауылы Қ.Жалайыри атындағы мектеп гимназиясының оқушыларымен «Қазақы салт дәстүрдегі ислам дінінің рөлі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.

 18 ақпан Балпық би ауылының жастарына «Дін және дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 26 ақпан күні ақпараттық түсіндіру тобының жоспарына сәйкес Жарлыөзек ауылдық округінің тұрғындарына «Қазақи салт-дәстүрдегі исламның рөлі» атты тақырыпта кездесу өткізілді.

 Жалпы діни бірлестікті тіркеу мәселесі қатаң бақылауға алынған.

 Көксу ауданы бойынша 2021 жылы дәстүрлі емес діни ағым ұстанушы 8 азамат тіркелген. 3 азаматпен оңалту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалған азаматтар аудан аумағында тұрмайтындығы анықталды.

 Аудандық БАҚ-та ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған материялдардың жариялауын қамтамасыз етіп, экстремизм мен терроризмге насихаттауға жол бермеу үшін жұмыстар жүргізіліп және  қолдау көрсетілуде. Көксу аудандық әлеуметтік желілерінде жастар арасында дәстүрлі емес және радикалды діни көзқарастардың қатерін түсіндіруге арналған бейнероликтер, сұхбат, мақала және басқа форматтағы материалдар орналастыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы

 Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен құрылып, мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілген.

 Сонымен қатар, Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.

 Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының 1 отырысы өткізіліп, комиссия мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды және комиссия мүшелеріне, тиісті мекемелерге арнайы тапсырмалар берілді.

 Отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті ілгерілету тақырыптары бойынша аудандық «Нүрлы Көксу» газетінде мақалалар жариялануда.

Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыста атқарылған жұмыстар туралы

 Ауданда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жүзеге асыру барысында «Аудан әкімдігінің жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі кеңес құрылған.

 Көксу ауданы бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі кеңестің 2021 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілді.

 Жоғарыда көрсетілген іс-шара жоспарына сәйкес, жыл басынан кеңестің 1 отырысы өткізілді.

 Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді арнайы  дерекқорға енгізу үшін ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында   түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері ескертілді.

 Ауылдық округтерде және мемлекеттік мекемелерде мектеп оқушыларының қатысуымен ағымдағы жылдың 08-14 наурыз күні аралығында славян халықтарының мерекесі – Масленица атап өтілді.

 Ауданда қоныстанған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ұйыған бір отбасындай тату-тәтті өмір сүріп, “Масленица”мейрамы, «Алғыс айту күні», «Наурыз» мерекесін т.б.мейрамдарына арналған мәдени, саяси-бұқаралық шараларда үкіметтік емес ұйымдар, ақсақалдар белсенділік  танытып ұлттық мейрекелерін атап  өтуге  ат салысуда.

 Үкіметтік емес ұйымдарды дамытуды қолдауға бағытталған, оның ішінде азаматтық қоғам институттармен диалогтік алаңдарды белсендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 Ауданда  үкіметтік  емес  ұйымдармен жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды  жобаларға  2021 жылы 5 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 1-лот бойынша жоба байқауы жарияланды.

Көксу ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы

 Көксу ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша Көксу аудандық комиссиясы құрылды, медиа жоспары және іс-шара жоспары бекітіліп, комиссия мүшелеріне және ауылдық округ әкімдеріне жіберілді. Көксу ауданы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2021 жылдың  I тоқсанында 400-ге жуық адамды қамтумен 46 іс-шара өткізілді.

 Бұқаралық ақпарат құралдарында 50-ге жуық материалдар жарық көрді. Олардың ішінде аудан әкімінің, мекемелердің ресми парақшаларында шыққан мақалалар және әлеуметтік желілерде «Facebook», «Bkontakte», «Instagram»-да  орналастырылған, «Нұрлы Көксу» газетінде 12 мақала шығарылды.

Қоғамдық кенес туралы

 Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес жыл басынан 5 мәселе қаралып, 3 кеңес отырысы өткізілді.

Қоғамдық келісім кеңесі туралы

 Көксу ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің құрамы және ережесі бекітілді. Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, кеңес мүшелеріне және ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстар жүргізу үшін жіберілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 Қоғамдық келісім кеңесінің жалпы саны – 11. Аудандық – 1, ауылдық округтерде – 10. Барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің саны – 103.

Аналар кеңесі туралы

 Көксу ауданының Аналар кеңесінің құрамы және ережесі бекітілді.

 Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, кеңес мүшелеріне және ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстар жүргізу үшін жіберілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 Аналар кеңесінің жалпы саны – 11. Аудандық – 1, ауылдық округтерде – 10. Барлық деңгейдегі Аналар кеңестері мүшелерінің саны – 98.

Дата публикации
02 апреля 2021
Дата обновления
02 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы