«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты: Техникалық және Кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бағыты бойынша қыркүйек айынан бастап білім бөлімі арқылы 75 адам жолданады.
Ауылдық округтер бойынша: Айнабұлақ ауылдық округіне – 5, Алғабас – 5, Еңбекші – 7, Балпық– 13, Жарлыөзек – 7, Мұсабек ауылдық округінен – 7, Мұқаншы–8, Мұқыры – 8, Лабасы – 8, Қабылиса – 7 адам жолданады деп жоспарлануда.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жоспар - 150 адам.
Бүгінгі күнге 150 адамның тізімі жасалып,сәуір айына бастап 150 адам жолданады. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 38 416,0 теңге.
Оқытылатын мамандықтар : аспазшы-10 адам, кондитер -20,шаштараз – 20, тырнақ әрлеуші – 20, есепші- 10, тігінші- 28, бет әрлеуші – 5, косметолог – 5, электрик- 5, программист - 5, дәнекерлеуші- 14, автоэлектрик – 8 адам осы мамандықтар бойынша оқытылады деп жоспарлануда.
Ауылдық округтер бойынша: Айнабұлақ ауылдық округіне – 10, Алғабас – 10, Еңбекші – 15, Балпық– 30, Жарлыөзек – 11, Мұсабек– 11, Мұқаншы–18, Мұқыры – 16, Лабасы – 18, Қабылиса – 11 адам жолданады деп жоспарлануда.
2021 жылы оқу орындары реестр бойынша таңдалады.
2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға «Бастау Бизнес» оқуына жоспар - 150 адам.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға жоспар- 70 адам, қазіргі таңда нақты 20 адамға грант берілді. Бөлінген қаражат жергілікті бюджеттен 17502,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 23336,0 мың теңге.(1 адамға 200 МРП көрсеткіш 583,4 мың теңге)
2021 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 477,0 мың теңге, 10503,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік бюджет бойынша 2 адам, республикалық бюджет есебінен 44 адам жоспарланған. Жоспар толығымен орындалды.
Ауылдық округтер бойынша: Айнабұлақ ауылдық округіне – 0, Алғабас – 6, Еңбекші – 0, Балпық– 2, Жарлыөзек – 0, Мұсабек – 7, Мұқаншы–0, Мұқыры – 15, Лабасы – 16, Қабылиса – 0 адам жолданады.
2021 жығажастар практикасына жоспар - 65 адам. Оның 45 адамға республикалық бюджеттен 19690,0 мың теңге, 20 адамға 8751,0 мың теңге жергілікті бюджеттенбөлінді. Бүгінгі таңда жастар практикасына 23 адам жолданады.
Ауылдық округтер бойынша: Айнабұлақ ауылдық округіне – 0, Алғабас – 1, Еңбекші – 1, Балпық– 10, Жарлыөзек – 1, Мұсабек – 0, Мұқаншы– 2, Мұқыры – 3, Лабасы – 2, Қабылиса – 3 адам жолданады.
2021 жылы қоғамдық жұмысқа жоспар - 645 адам, қантар айынан бастап нақты - 305 адам жолданды. Жергілікті бюджеттен 30 адам, бөлінген қаражат 16608,0 мың теңге , республикалық бюджеттен 615 адам, 442 804,0 мың теңге. бөлінді.
Ауылдық округтер және мекемелер бойынша: Айнабұлақ ауылдық округіне – 17, Алғабас – 12, Еңбекші – 30, Балпық– 111, Жарлыөзек – 18, Мұсабек – 16, Мұқаншы– 30, Мұқыры – 20, Лабасы – 33, Қабылиса – 18 адам жолданды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты «Бастау Бизнес» бойынша 221 адам оқуға тіркелді.
Жаңа бизнес идея іске асыруға ақпан айында 20 адамға грант берілді.
Ағымдағы жылы микрокредиттік ұйымдарға шағын несие алуға үміткерлерге 2021 жылы 33 адамға жолдама беріліп, АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бұрынғы берілген, несиелік ресурстан соны қарыз алушылардың қайтадан қайтарған қаражат есебінен 14 адамға 40,6 млн. теңге қаражат берілді.
Жұмыс тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының базасын және жұмыс іздеушілердің электрондық еңбек биржасына қолжетімділігін кеңейту мақсатында халық арасында цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі электрондық еңбек биржасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тұрақты бос жұмыс орындарына 63 адам жұмысқа орналастырылды.
2021 жылдың 26 ақпан және «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен Көксу ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бейнережимде өткізілді.
Жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыссыздарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша уақытша ақылы қоғамдық жұмыстар, қысқа мерзімді оқу, жаңа бизнес идея бойынша мемлекеттік грант және ЖШС тараптарынан бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңке нәтижесінде 5 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 2 адам «Бастау Бизнес» бағыты бойынша оқуға тізімделіп, 200 АЕК грант алуға өтініш білдірді. Квота бойынша жұмысқа орналасу үшін «Уыз-Май Industry» ЖШС тарапынан пробация есебіндегі 2 жұмыссыз азамат бос жұмыс орындарына орналастырылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында үшінші бағыт бойынша, жұмыс күші жетіспейтін аймақтарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету, аймақтық теңгерімсіздіктер мен демографиялық теңгерімсіздіктерді жою мақсатында 2021 жылдың наурыз айының 17-19 күндері аралығында Павлодар облысынан өкілдер келіп, кеңес берді. Бірінші күні жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтарды қабылдап, Еңбекші ауылдық кругіне қоныс аудару бойынша кеңес берді. Екінші күні Мұсабек, Мұқаншы, Жарлыөзек ауылдық округтерін аралап, қоныс аудару мәселелері бойынша кеңес берді.