Меню

Страницы

Статья

Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың (1 жартыжылдықта) атқарған жұмысы бойынша ақпарат

Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың

(1 жартыжылдықта) атқарған жұмысы бойынша  ақпарат

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 148 отбасына немесе 830 адамға 13527,6 мың теңге тағайындалды. Кепілдік берілетін әлеуметтік топтама 1-3 жасқа дейін 82 жанұяға 86 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 80 отбасына 96 балаға, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы 1-6 жасқа дейінгі 162 отбасына 182 балаға берілді.

  Жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқылатын балалары бар 11 отбасыға 13 балаға  56,5 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

  Табысы аз отбсыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі 22 жанұяға 502,7 мың теңге тағайындалды. 

 Туберкулез індетімен ауыратын  18 адамға  670,9  мың. теңгеге және аудан бойынша 2 ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне  52,5 мың теңге,  ауған  соғысының  қатысушыларына - 26 адамға 1300,0 мың Тәджік-ауған соғысының қатысушыларына 17 адамға 850,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 47 балаға  1077,6 мың теңге көмек көрсетілді.    

 Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында  жыл басынан мүмкіндігі шектеулі 20 адам міндетті гигиеналық және техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарға, 10 адам қол арбаға, 3 өтініш сурдо құралдарға, 1 адам тифло құралдарға, 18 адам протездік ортопедиялық бұйымдарға,  20 адам санаторлы – курорттық жолдамаға өтініштер тіркеліп, қабылданды. 

 «Инвакөмек» мүгедектер қоғамы аудандағы   мүгедектігі бар адамдарға тасымалдау жұмыстарын жүргізіп 1094,0 мың теңге төленді.

  45 мүгедек адамға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 45 жеке көмекшінің қызметтері «Берен» мүгедектер қоғамы арқылы әлеуметтік қызмет порталына жіберіліп, 5,515 мың теңге төленді.

 Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсету бөлімшесінде 84 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттар мен мүгедектерге 16 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5-і 1,2 топтағы мүгедек, 79-і жасына байланысты зейнеткерлер.

 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған 3 адамға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 131,3 теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бөлім басшысы                                      А. Шаяхметова

Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы