Меню

Страницы

Статья

«Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Орталық атауы: «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Орталықтың орналасқан жері: индексі 041200. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Измайлова көшесі, 10 үй.

 Орталықтың басшысы: Жунисов Айдын Несипбаевич, 02.12.2020 жылы директор лауазымына тағайындалды.

 Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету болып табылады.
  2. Орталық қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

4) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

5) жұмысынан айырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларының 4-тармағымен көзделген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады оларды учаскелік комиссияның қарауына жолдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен бекітілген нысан бойынша аудандық (қалалық) және (немесе) өңірлік комиссия әлеуметтік келісімшарт жасайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің құжаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде уәкілетті органға береді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға көмек көрсетеді, әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;

7) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

8) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

10) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

12) еңбек делдалдығын көрсетеді;

13) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

15) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

17) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

18) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

19) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

20) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.

Дата публикации
09 марта 2021
Дата обновления
09 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы