Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің Көксу ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілері арасындағы Әдеп Кодексі нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы 2020 жылдың жұмыс қорытындысы, 2021 жылға арналған жоспар бойынша кеңесі

  Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында тәртіп, сыпайлық бір-біріне құрметпен қарау қағидаларын жетілдіру арқылы өзара қарым-қатынас мәденитін қалыптастыру бойынша функция Әдеп жөніндегі уәкілмен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметші адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін бейнормативті дексиканы қолданған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл ауызша ескерту жасауы қажет.

 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Айтса кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 107 мемлекеттік қызметшілерге, 132 заңды және жеке тұлғаларға жеке мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын және Әдеп кодексін қолдану мәселелері бойынша кеңес беру арқылы консультативті көмек көрсетілді.    50 азаматқа жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізілсе, көшпелі түрде                10 азаматқа жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізілді. Аудандық БАҚ-та жыл бойына 14 мақала жарияланды. 2020 жылы 69 іс-шара өткізілді.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртптік шара колдануға алып келеді. Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауды және ілгерілеуде оң әсерін тигізетіндігін еске саламын.

Дата публикации
15 февраля 2021
Дата обновления
15 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы