Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілер назарына!

  Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) тапсыру Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
  Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары); «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралый Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.
  Екінші кезеңде (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары.
  Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
  2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек халқы кіреді.
  Жеке тұлғалар жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірудің бірінші жылында активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынуға міндетті. Кейінгі жылдары кірістері мен мүлкі туралы Декларация (270.00-нысан) ұсынылады.
  Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) жинақталған активтер мен міндеттемелерді Декларациялау жүйесіне кіру күніне тіркеу үшін ұсынылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.
  Құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік көрсетілуге жатады.

Көксу ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
08 февраля 2021
Дата обновления
08 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы