Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілер назарына !

  Қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы, зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарын есептегенін тексере алады.
  Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» («App Store» және»Play Market») мобилді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауына мүмкіндік береді. Сервис 2020 жылдың 1 тоқсанынанбастапсалықкезеңдерібойыншақолжетімді.
  Деректерге қолжеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе SMS пароль арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS мобилді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.
  Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бөлігіне өтіп, жыл мен кезеңді таңдау қажет.
  Бастапқы кезеңде мына жеке тұлғалар аталған деректерді қарай алады:
- жұмыс берушілер бюджетпен есепайырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданса;
- немесе жұмыс берушілер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданса.
  Мәліметтер болмаса немесе деректер сәйкес келмесе, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
  МКК «E-Salyq Azamat» тегін мобилді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» - тен жүктеуге болатынын еске салады.

Көксу ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
08 февраля 2021
Дата обновления
08 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы