2021 жылы ауданның ішкі жолдарын жөндеуге барлығы 621365,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде Балпық би ауылындағы Төлебаев көшесінің жолына орташа жөндеуге – 11349,0 мың теңге, Нәдірізбек ауылына кірме жолды орташа жөндеу жұмысына – 250000,0 мың теңге, Мұқыры ауылының көшелеріне (Алтаев, Жексембай, Мұқанов, Мәметова, Жандосов көшелері) жолына орташа жөндеу жұмысына – 140129,0 мың теңге, Талапты ауылындағы Абай көшесінің жолына орташа жөндеу жұмысына – 34433,0 мың теңге, 10 жыл Қазақстан ауылының көшелеріне (Оспанов және Сәтпаев көшелері) жолына орташа жөндеу жұмысына – 36075,0 мың теңге және Көксу бекетінің (Әуезов, Шалабаев, Қазақстан, Байсеитова, Қожабергенов, 8 март көшелері) көшелеріне жолына орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға – 149379,0 мың теңге қарастырылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.