2021 жылы 21 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері онлайн түрде өткізілуде, себебі Қазақстанда коронавирус қауіпіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылған, сонымен қатар аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Әжиеваның 2021 жылғы 12 қаңтардағы «Көксу ауданының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» №7 қаулысына сәйкес карантин шаралары күшейтілуіне байланысты әр деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерін онлайн форматта өткізуді аудан басшылығы жөн көріп, жиын онлайн түрде «ZOOM» қосымшасы арқылы өткізілді. Жиынға «ZOOM» қосымшасы арқылы - 53, «Іnstagram» -52 адам қосылды.
Есепті кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық маслихат хатшысы, «Nur Otan» париясы филиалы төрағасының бірінші рынбасары, аудандық барлық бөлім басшылары, Полиция, Прокуратура өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және ауыл тұрғындарының арасынан белсенділері қатысты.
«Еңбекші ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары» туралы Еңбекші ауылдық округінің әкімі Алпысбаев Асқар Ахметқалиұлы және «Көксу ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары» туралы Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы есеп берді.
Есепті кездесуде ауызша сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Есепті кездесу жиыны жақсы деңгейде өтті.
«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ