Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 1 қаңтарына ауданның коммуналдық меншігін басқару және үйлестіру бойынша ақтқарыған жұмыстары туралы ақпарат

2021 жылдың 1 қаңтарына ауданның коммуналдық меншігін басқару және үйлестіру бойынша ақтқарыған жұмыстары туралы ақпарат

  2021 жылдың 01 қаңтар айына ауданның коммуналдық меншігіндегі жайды сатып алу құқығынсыз жалға беру бойынша 1482,2 мың теңгеге  32 мүліктік жалдау келісім шарты жасалынған. Оның ішінде, 24 білім беру мекемелеріндегі асханасында балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша, 1 музыкалық студиялық қызмет көрсету бойынша, 5  келісім шарт техникаларды санитарлық қызмет көрсету бойынша, 1 кеңселік тауарларды сату бойынша, 1 кеңсе ретінде пайдалану үшін.

  201508  «Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер» коды бойынша 2020 жылға жоспарланғаны 1300,0 мың теңге, нақты түскені 1413,7 мың теңге немесе 108,8%.

  2020 жылғы 23 наурызда өткен төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ағымдағы жылғы 20 наурыздан бастап үш ай мерзімге ШОБ субъектілері үшін оларға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру тапсырылды .

  Осыған байланысты, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – Портал) ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап жалға алушының ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық өтініш беруі үшін, ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап үш айға дейінгі мерзімге жалдау төлемдерін тоқтата тұру және жалға беруші мен жалға алушы арасында ЭЦҚ арқылы республикалық және коммуналдық меншік объектілері бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарына қосымша келісімдер жасау функционалы іске асырылды.

  Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 01 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдар мен мен квасикторларға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарын жалға алып отырған шағын бизнес өкілдерін 01 қыркүйектен бастап жыл соңына дейін жалдау ақысынан босату тапсырылды.

  Осыған байланысты, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – Портал) ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен бастап жалға алушының ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық өтініш беруі арқылы, ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен бастап жыл соңына дейінгі мерзімге жалдау төлемдерін тоқтата тұру және жалға беруші мен жалға алушы арасында ЭЦҚ арқылы ауданның коммуналдық меншік объектілері бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарына қосымша келісімдер жасау функционалы іске асырылды.

  Жыл соңына дейін 26 келісім шарттары уақытша тоқтатылып, қосымша келісім шарттар жасалынды.

 Теңгерім ұстаушы «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша коммуналдық меншіктегі  «Ford Transit Sollers Sb-if» автокөлігі сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға қойылып, 3 жыл мерзімге «Инво-көмек» қоғамдық бірлесітігі электронды тендер арқылы жеңімпаз атануына байланысты, 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін аудан аймағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету бойынша сенімгерлік басқаруға алып, келісім шарты жасалынды.

  Мемлекеттік коммуналдық меншікті сату, жекешелендіру бойынша 2020 жылы ауданның коммуналдық меншігіндегі қызмет бабында жарамсыз, 100 пайыз тозығы жеткен 5 автокөлік бағаны жоғарлату және төмендету әдістерімен электронды түрде мемлекеттік тізілім веб-порталына шығарылып, 14 530,9 мың теңгеге сатылып, жекешелендірілді.

  301102  «Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлікті сату, жекешелендіруден түсетін кірістер» коды бойынша 2020 жылға жоспарланғаны 5319,0 мың теңге, нақты түскені 14 577,2 мың теңге немесе 274,1%.

Көксу ауданының қаржы

бөлімінің басшысы А.Джетписбаева

Дата публикации
21 января 2021
Дата обновления
21 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы