Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қолдануы мен насихатталуы туралы
Мемлекттік Рәміздер жөніндегі комиссия құрамында ауданға беделді сала басшылары, ҮЕҰ-дар, жастар, ақсақалдар өкілдерінен құрамына енгізілген 11 мүшесі бар.
Аудан әкімдігі жанындағы «ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану және насихаттау жөніндегі аудандық комиссиясының» 2020 жылға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес сәуір, маусым айында мемлекеттік рәміздері туралы заңының орындалуы тақырыбында 4 комиссия отырысы өткізілді.
4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-форматтағы ақпараттық сағаты, «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» онлайн-форматтағы патриоттық сағаты, «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» онлайн-форматтағы тарихи сағаты, Мемлекеттік Рәміздер күніне орай спорттық, мәдени іс-шаралар, кездесулер, патриоттық тақырыпта басқа да іс-шаралар онлайн форматта өткізілді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңының талаптарын сақтау бойынша ауылдық округтерде және мемлекеттік мекемелерге зерделеу жұмыстары және қадағалау шаралары тұрақты жүргізілуде.
Ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекеттік саясатты, Елбасының Жолдауымен үйлестіріп насихаттау жолында және ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану, пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда және тұрақты бақылауда, методикалық көмек көрсетілуде.
Дін саласы туралы
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретін, ханафи бағытындағы исламның және православтық христиан халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны баршамызға мәлім.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 484 Заңының талаптарын орындау мақсатында Көксу ауданы бойынша діни бірлестіктерге талдау, зерделеу жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Яғни, бүгінгі таңда аймағымызда 16 діни бірлестік пен филиалдары өз қызметін атқарады, оның ішінде ислам бағытында – 14 мешіт, православтық бағытта – 1 шіркеу,( Балпық би ауылы, Измайлова көшесі, №14 А үй) протестанттық бағытта – 1 шіркеу(Балпық би ауылы, Панфилов көшесі, №27 үй) тіркелген.
Жалпы діни бірлестікті тіркеу мәселесі қатаң бақылауға алынған.
Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі бойынша Халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында діни әдебиеттерді сатуға ресми түрде, облыс әкімдігінің қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған Көксу ауданында 1 арнайы тұрақты орын бекітілген. Атап айтар болсақ Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінде орналасқан «Шаған» сауда үйінде. Қазіргі таңда аталған мекен жайда діни әдебиеттер сатылмайды.
Аудан бойынша жат ағымның арбауына кетуден қорғау, діни мәселелерді түсіндіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын және 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерден, аудан имамдарынан, кәсіпорын бастықтары мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдары, білім бөлімінің қызметкерлерінен құралған 12 мүшесі бар ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жоспарына сәйкес және жоспардан тыс іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.
Ақпараттық түсіндіру тобының жоспарына сәйкес 16 қаңтар күні Мәмбет ауылының кітапханасының оқырмандар залында «Экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.
21 қаңтар күні Балпық би ауылы М.Құрманов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұлттық құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты кездесу өткізілді.
7 ақпан күні Мұқыры ауылы Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінде «Деструктивті идеологияға қарсы имунитет қалыптастыру» атты ашық сұқпат өтті.
12 ақпан күні Лабасы ауылдық округі Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінде «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты кездесу өтті.
25 ақпан күні Балпық би ауылы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Ұстаз ұлы тұлға және Ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті.
11 наурыз күні Балпық би ауылы Б:Құндақбаева орта мектебінің мәжіліс залында «Дін және жастар тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
5 сәуір күні аудандағы христиан бағытындағы дінді ұстанушы дәстүрлі түрде «Марқұм болған жандарды еске алу күнін» (ата – аналар күні) атап өтеді. Соған байланысты аудан аумағындағы зираттарға талдау жұмыстары жүргізілді.
17 сәуір күні Көксу ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп аудандағы жастарға «ONLAINE АҚПАРАТ» «Дін және жастар» тақырыбында Ауданның бас имамы Ерімбет Еділбек тікелей эфирде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
25 мамыр күні Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Жастар және дін» атты ONLAINЕ ақпарат Көксу ауданының біліктілігі жоғары деңгейлі маман дінтанушы М.Бектемировпен тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында әлеуметтік желіні қалай пайдалану керек, жастардың дінге деген көзқарасы және т.б сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
11 маусым күні Жастар орталығымен бірлесіп «Шет елде діни білім алудың зардаптары» атты «ONLAINE АҚПАРАТ» Көксу ауданының біліктілігі жоғары деңгейлі маман дінтанушы М.Бектемировпен тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында шет елде діни білім алу зардаптары, шет елдегі рұқсат етілген діни оқу орындары, және рұқсат етілмеген оқу орындары жайлы ақпараттар берілді.
18 маусым күні Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жастар арасында «Қазақстандағы дін мәселелері және оны шешу жолдары» атты мақала байқауы ұйымдастырылды.
Ақпараттық түсіндіру тобының жоспарынан тыс 12 маусым күні Балпық би ауылы «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында «Экстремизм мен терроризмге түсініктеме» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Көксу ауданы бойынша 2020 жылы дәстүрлі емес діни ағым ұстанушы 9 азамат тіркелген. Ағымдағы жылдың 16 маусым күні 4 азаматпен оңалту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалған азаматтар аудан аумағында тұрмайтындығы анықталды.
Аудан бойынша Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркеліп жұмыс жүргізіп жатқан діни бірлестіктердің электронды туристік картасы әзірленуде және ауданның діни ахуалы туралы 1 дана кітап басып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық БАҚ-та ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған материялдардың жариялауын қамтамасыз етіп, экстремизм мен терроризмге насихаттауға жол бермеу үшін жұмыстар жүргізіліп және қолдау көрсетілуде. Көксу аудандық әлеуметтік желілерінде Instagram 52, Facebook 20, Bkontakte 15 ақпараттар салынды. «Көксу аудандық дін істері», атты парақшаларда жастар арасында дәстүрлі емес және радикалды діни көзқарастардың қатерін түсіндіруге арналған бейнероликтер, сұхбат, мақала және басқа форматтағы материалдар орналастыруға жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Аудан тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, аудандық “Нұрлы Көксу” газетінде діни тақырыптарға арналған “Иман ашар” айдары ашылып аталған жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі және ақпараттық-түсіндіру тобы мен кеңес мүшелерінің тарапынан уақытылы әр түрлі тақырыптардағы мақалалардың жариялануы бақылауға алынып, жүзеге асырылып отырылады. Аудан бойынша жыл басынан бүгінгі күнге дейін 21 мақала жарық көрді.
Аудан аумағы бойынша тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі «Сенім телефоны» қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тұрғындар арасында таралуын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде: халық көп шоғырланатын орындарда сенім телефоны жазылған плакаттар және Балпық би ауылындағы аудандық аурухананың дәліздеріндегі маниторларда «Адасқан ағым», «Арнайы хабар экстремизм», «Будьте бдительны» «Қауырт желі 114» террористік және экстремистік идеяларға қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетілуде.
Діни орамал тағу мәселесі Көксу ауданы бойынша тіркелмеген.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы
Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен құрылып, мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілген.
Сонымен қатар, Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ережесі және жұмыс жоспары бекітілген.
Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жыл басынан 4 отырысы өткізіліп, комиссия мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды және комиссия мүшелеріне, тиісті мекемелерге арнайы тапсырмалар берілді.
Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыста атқарылған жұмыстар туралы
Ауданда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жүзеге асыру барысында аудан әкімдігінің жанында Азаматтық қоғам институттарымен өзара іскер байланыс жөніндегі Кеңес құрылған Бөлім басшылары, саяси партия, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері кіретін Кеңес құрамы 13 адамнан жасақталды.
Көксу ауданы бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі кеңестің 2020 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, Көксу ауданының үкіметтік емес ұйымдарының әлеуетін арттыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған медиа жоспары бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шара жоспарларына сәйкес, жыл басынан кеңестің 2 отырысы, үкіметтік емес ұйымдарымен 3 дөңгелек үстел өткізілді.
Аудандағы үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдаулары түсіндірілді.
Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді арнайы дерекқорға енгізу үшін ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері ескертілді.
Ауылдық округтерде Этномәдени орталықтарының белсенді қатысуымен ағымдағы жылдың 21-26 ақпан күні аралығында славян халықтарының мерекесі – Масленица атап өтілді.
Ауданда қоныстанған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ұйыған бір отбасындай тату-тәтті өмір сүріп, “Масленица”мейрамы, «Алғыс айту күні», «Наурыз» мерекесін т.б.мейрамдарына арналған мәдени, саяси-бұқаралық шараларда үкіметтік емес ұйымдар, ақсақалдар белсенділік танытып ұлттық мейрекелерін атап өтуге ат салысуда.
Үкіметтік емес ұйымдарды дамытуды қолдауға бағытталған , оның ішінде азаматтық қоғам институттармен диалогтік алаңдарды белсендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі кездегі тұрғындарды алаңдататын өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін ҮЕҰ-дың өз бағыттары бойынша бірінші басшымен кездесулер ұйымдастырылып өткізілуде.
Белсенді ҮЕҰ-дың әлеуметтік саяси бағыттары және Қоғамдық кеңесте қаралған өзекті мәселелер бойынша позитивтік пікірлері БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялануда.
Ауданда үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды жобаларға 2020 жылы облыс тарапынан - 3 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 - лот бойынша жобалар байқауы өткізілді. Жеңімпаздары анықталып, жоспарға сәйкес өз жұмыстарын жүргізуде.
Көксу ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Бүгінгі таңда Көксу ауданы әкімдігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда нақты жұмыстар атқарылуда.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша Көксу аудандық комиссиясы құрылды, медиа жоспары және іс-шара жоспары бекітіліп, комиссия мүшелеріне және ауылдық округ әкімдеріне жіберілді. Рухани жаңғыру мақаласы асында жоспарға сәйкес және жоспардан тыс 164 іс-шаралар өткізілді, Ұлы даланың жеті қыры мақаласы аясында 28 іс-шаралар өткізілді.. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін рухани жаңғыру мақаласы аясында газетке 96, әлеуметтік желілерге 124 мақала жарияланды. Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасы аясында газетке 17, әлеуметтік желіге 21 мақала жарияланды. Онлайн түрде іс-шаралар өткізілуде.
Қоғамдық кенес туралы
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес жыл басынан 23 мәселе қаралып, 16 кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа 623 адам қатысты.
Қоғамдық келісім кеңесі туралы
Көксу ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің құрамы және ережесі бекітілді. Қоғамдық келісім кеңесінің жалпы саны – 11. Аудандық – 1, ауылдық округтерде – 10. Барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің саны – 103.
Кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жыл басынан 18 шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Аналар кеңесі туралы
Көксу ауданының Аналар кеңесінің құрамы және ережесі бекітілді. Аналар кеңесінің жалпы саны – 11. Аудандық – 1, ауылдық округтерде – 10. Барлық деңгейдегі Аналар кеңестері мүшелерінің саны – 98.
Кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жыл басынан 24 шара ұйымдастырылып, өткізілді.