Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілер назарына!

  Қосылған құн салығы бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен өзгетулерге сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді.
  ҚҚС-тан босатуды көздейтін жаңа нормалар Жаңа нормаларға сәйкес, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Осылайша:
1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
- арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт) болса;
- арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар болса;
- арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілетін және өткізілетін тауарларды;

2) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу бойынша тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар;

3) қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобиль көлігімен, сондай-ақ трамвайлармен жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

  Аталған толықтырулар Салық кодексінің 394-бабына енгізілген.

Дата публикации
11 января 2021
Дата обновления
11 января 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы