Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы жойылады
Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер (бөлмелер) орналасқан жер салығын төлеуден босату туралы норма әкімшілендірудің күрделі болуына (пәтерге (бөлмеге) келетін үлесті, оның алаңын айқындау, жер салығының сомасын есептеу бөлігінде) және осы салықты есептеу мен жинауға жұмсалатын шығындардың ақталмауына байланысты.
Осылайша, кез-келген салық салу, ең алдымен, "салық" түсімінің әкімшілік шығындардан едәуір жоғару болуы керек, салықтық әкімшілендіру арзан болуы керек – деген қағидаға басшылыққа алынған.
Заңда бұл норманы енгізу 2020 жылдан бастап көзделген, яғни 2020 жылы осы жер учаскелері үшін жер салығы төленбейтін болады.
Бұл норма жеке тұлғалар үшін салық ауыртпашылығын жеңілдетуге бағытталған.
Көксу ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы