Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №1104 бұйрығымен көзделген ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылуына байланысты мынаны хабарлайды.
2020 жылғы 31 желтоқсанға келетін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесін (ЭШФАЖ) өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, тауарларға ілеспе жүк құжаттарды (ТІЖ) ресімдеуді 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін ТІЖ бойынша функционалы бар тесттік ортада жүзеге асыру қажет.
🟠 Толық ақпарат Комитеттің фейсбук парақшасында.
Көксу ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы