Бүгінгі күні Көксу ауданында 127 спорттық құрылымы бар. Қазіргі уақытта мемлекетіміздегі халықтың 30% - ын 2020 жылға дейін үнемі спортпен айналысатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша бұл бағытта жұмыстар аяғын нық басып, қойылған межеге жетіп те алдық. Жалпы аудан бойынша 2020 жылы спортпен шұғылданатындар саны 12 мыңнан астам адамға жетіп отыр, яғни 30,9 % ға жетті. Жалпы спорт мектебіндегі 1297 жаттығушы спортшылар спорттың 12 түрімен спортпен шұғылданады. Олар: еркін күрес, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, баскетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі, самбо, тоғызқұмалақ, хан дойбы және армрестлинг (қол күрес). Аудан бойынша әр ауылдық округтарда ауылдық мекендерде спортты дамыту мақсатында дене шынықтыру жөніндегі әдіскерлер 2014 жылдан бері жұмыс жүргізуде. Спорт мектептерінде барлығы 36 жаттықтырушы дәріс беруде.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі жылдық жоспар бойынша мүлтікпей жұмыстарды атқаруда. Кез – келген мерекелерде спорттық іс – шаралар міндетті түрде өткізілуде. Әр округтегі спорт нұсқаушыларының жылдық жұмыс жоспары жасалып, жоспарлары бойынша ай-сайын есептері қабылданады. Спорт нұсқаушыларының айлық есеп өткізуі үнемі бақылауға алынған. Көксу ауданы бойынша дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдайлар барынша қарастырылуда.
Дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы А. Алпысбаев