2020 жылдың өтініштер бойынша ақпарат
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылдың 12 қантардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” № 221 Заңымен, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» №147 бұйрығы» және басқа нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіппен іс жүзіне асырылады.
Ауданда 2006 жылы «Lotus Notus» электрондық құжат айналымы жүйесі орнатылған. «Электрондық құжат айналымы жүйесі» бойынша келіп түскен құжаттар, шығыс құжаттары және жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары 100 пайыз электронды түрде тіркеледі.
Ауданда жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну үшін аудан әкімінің веб-сайты 2006 жылы құрылған. Электрондық адресі: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu.
2020 жылға аудан әкімінің жеке блогына 3 өтініш түсті. Аудан әкімінің жеке блогының интернет ғаламторындағы адресі: http:// www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/virtual-reception.
2020 жылдың12 айынааудан әкімінің аппаратына 538 жазбаша өтініш түсті. Олардың ішінде:
Заңды тұлғалардан 199 өтініш, 84-Электрондық Үкімет Порталы, 54- әлеуметтік төлем туралы (42500 теңге), 35-жер, 4-ауылшаруашылық, 6-ішкі саясат, 5-кәсіпкерлік мәселесі, 1-әлеуметтік мәселе,1-жол, 3-ветеринария, 3-кадр, 2-СМИ, 1-АХАЖ. Оның ішінде 28 өтініші қанағаттандырылып, 4-өтініш қараусыз қалдырылды, 11-өтініш басқа мекемелерге құзіреті бойынша қарау үшін жолданды, 156 өтінішке түсінік берілді.
Жеке тұлғалардан 339 өтініш, 56-әлеуметтік төлем туралы (42500 теңге) 58-АӘК, 52-ЖКХ,3-АХАЖ, 8- ауылшаруашылық, 3- ветеринария, 9-архитектура, 83- жер мәселесі, 4- білім, 8- кәсіпкерлік, 5- құрылыс бойынша,18-жол, 18- әлеуметтік мәселе, 14-басқа да. Оның ішінде 58 өтініші қанағаттандырылып, 17-өтініш қараусыз қалдырылды, 21-өтініш басқа мекемелерге құзіреті бойынша қарау үшін жолданды, 243 өтінішке түсінік берілді.
Аудан әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы әр аптаның бейсенбі күні сағат 16:00 ден 18:30 дейін азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді. Ағымдағы жылы жеке қабылдауға 178 азамат жеке қабылдауға келді, оның 60-баспана, 15-АСП,28-әлеуметтік сала,22-ЖКХ, 4-ауылшаруашылық, 7-кәсіпкерлік, 9- жұмыс мәселесі, 22- жер, 1-жол, 9-басқа да, 1-АХАЖ, 37 өтініш қанағаттандырылып,141 өтінішке түсінік берілді.
Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес түсінік берілді.