Меню

Страницы

Статья

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер назарына!

  Көксу ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, тауарлармен электронды сауданың шеңберінде тіркелген субъектілерінің салықтық әкімшілендіру туралы келесіні хабарлайды.      

  Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

  Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

  Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

   Осы уақытта, Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбас операциялары және тауарлармен электрондық сауда – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның (бұдан әрі – Хабарлама) функционалы БСАЖ АЖ және «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – ЕЛ МДБ) іске асырылған.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде:

   Салық төлеушілер « Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ЕЛ МДБ арқылы электронды түрде ұсыну мүмкіндіктері бар екенін хабарлайды.

 Көксу ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы

Б.Касымова

Дата публикации
18 ноября 2020
Дата обновления
18 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы