Меню

Страницы

Статья

«Көксу ауданындағы сервистік әкімдік: Азаматтарға ыңғайлы орта және тиімді қызмет»

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығы мен азаматтарға қолжетімділігін арттыру – бүгінгі заман талабы. Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында сервистік әкімдіктер құрылып, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілуде. Көксу ауданы бойынша мұндай әкімдік Балпық би ауылында орналасқан және тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет көрсетуге бағытталған.

Сервистік әкімдік — бұл дәстүрлі кеңсе форматын азаматтарға ыңғайлы, қолжетімді әрі ашық кеңістікпен алмастыратын заманауи басқару үлгісі. Көксу ауданындағы сервистік әкімдік Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, №38 ғимаратында орналасқан. Мұнда азаматтарға қызмет көрсету үрдісі «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған, яғни тұрғындар әртүрлі бөлімдерге жүгірмей, бір жерден қажетті ақпарат пен қызмет ала алады.

Сервистік әкімдік ғимаратында:

  • арнайы кеңес беру аймағы;
  • күту залы;
  • мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жағдайлар;
  • балаларға арналған ойын бұрышы;
  • өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы;
  • «Отбасы банкінің» маманына арналған жұмыс орны қарастырылған.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап, Қазақстан бойынша тұрғын үйге кезекке қою және оны басқару жүйесі толықтай «Отбасы банкінің» қарамағына өтті. Енді азаматтар әлеуметтік санатына қарамастан, тұрғын үй кезегіне онлайн форматта тұра алады. Осыған байланысты сервистік әкімдіктің бір бұрышында тұрақты негізде «Отбасы банкінің» қызметкері жұмыс істейді. Ол азаматтарға тұрғын үй кезегіне тұру, құжаттарды қабылдау және кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

Бұл өзгеріс тұрғын үй алу процесін біріздендіріп, ашықтықты қамтамасыз етеді. Қағазбастылық азайып, азаматтарға қызмет алу әлдеқайда ыңғайлы бола бастады.

Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беріп, тұрғындарға ЭЦҚ рәсімдеу, EGOV порталын пайдалану және цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында көмек көрсетеді.

Аудан тұрғындарын сервистік әкімдік қызметін белсенді пайдалануға, мемлекеттік басқарудың жаңа деңгейдегі мәдениетін бірге қалыптастыруға шақырамыз.

Нұрай Жұмәділқызы Қожабекова,

Көксу ауданы әкімі аппаратының 

мемлекеттік қызметтер мониторингі және

ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы