Мемлекеттік қызмет – бұл халыққа адал қызмет етуді көздейтін, заң мен тәртіпке негізделген жауапты сала. Бұл жүйеде жұмыс істейтін әрбір қызметкердің кәсіби құзыреттілігімен қатар, жеке әдебі мен моральдық ұстанымы да ерекше маңызға ие. Қоғам мемлекеттік қызметшіден адалдықты, сыпайылықты, тәртіптілік пен мәдениеттілікті күтеді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік қызметшінің әдебі – халықтың сеніміне тікелей әсер ететін фактор.
Әдеп – бұл тек сыпайы сөйлеу немесе ресми киіну ғана емес. Ол – қызметтік міндеттерін адал орындау, заң талаптарын бұлжытпай сақтау, ар-ождан мен әділдік қағидаттарына берік болу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланбау, және қоғаммен қарым-қатынаста мәдениеттілік таныту сынды кешенді ұстанымдарды қамтитын моральдық-этикалық жүйе.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
Бұл нормалар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында және Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде егжей-тегжейлі көрсетілген.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындардағы мінез-құлқы мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениеті ерекше бақылауға алынып отыр. Бұл орайда келесі мәселелерге ерекше назар аударылуы қажет:
Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызмет беделіне орасан зиян келтіреді және бүкіл мемлекеттік аппараттың имиджіне кері әсер етеді. Сондықтан тәртіп бұзушылықтың алдын алу – тек бақылау органдарының емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Аталған заң қолданысқа енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындарға және спорттық бәс тігулерге қатысуға заң жүзінде тыйым салынды. Бұл – қызметтік әдепті нығайту және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға бағытталған нақты әрі жүйелі қадам.
Қазіргі қоғам мемлекеттік қызметшіден кәсіби шеберлікпен қатар, жоғары азаматтық мәдениетті, таза өмір салтын, жеке тәртіпті және жоғары моральдық жауапкершілікті күтеді. Халық алдында жүрген адам ретінде мемлекеттік қызметкер әрдайым елге үлгі болуға тиіс.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшінің әдебі – бұл мемлекеттік басқару сапасының негізгі көрсеткіші. Әрбір қызметкердің күнделікті тәртібі, азаматтарға деген көзқарасы, заң мен ар алдында адалдығы – бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес, бұл – ұлтқа деген шынайы қызметтің, мемлекетке деген адалдықтың өлшемі. Халықтың сенімі – жазылған қағидамен емес, нақты әрекетпен қалыптасады. Сол әрекет әрбір мемлекеттік қызметшінің жүріс-тұрысынан, шешімінен және әдебінен көрінуі тиіс.
Кубиева Жанар Әнуарбекқызы
Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкілі