Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатты, декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатта, декларацияда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкжұқатта дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткiзу;
2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
3) алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайыздан кем градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыраны құюды қоспағанда) айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
7) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы және олардың орнын ауыстыру түрінде жасалған бұзушылық – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен алкоголь өнiмiн өндiру түрiнде жасалған бұзушылық –лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.