Қазіргі заманғы Қазақстанның жастары – ХХІ ғасырдағы еліміздің болашағын айқындайтын жаңа ұрпақ.
Ауданда 14-29 жас аралығындағы 8672 адам тұрады (20,4%). Аудан орталығында жастардың саны 3335 адам, ауылдықтар – 5337 адам.
2020 жылдың жарты жылдық есебі бойынша жастар ресурстық орталығы мен ауылдық округтердегі жастар нұсқаушылармен бірлесіп 4575 мың адамды қамтыған 150-ге жуық іс-шара өткізілді.
Бүгінгі күнге жастарды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға тарту бойынша жастар тәжірибесіне 31 адам, «Дипломмен - ауылға!» жобасы аясында көтерме жәрдемақы 65 адам, бюджеттік кредит 45 адам алды. «Жасыл ел» жастар еңбегінің маусымдық жұмысына 67 жасақшы, қоғамдық жұмысқа 47 адам жұмысқа орналасты. NEET санатындағы жастар саны 13 адам, өткен жылмен салыстырғанда 0,3% төмендеді (2019 ж. – 20 адам болған).
Ауданымызда 3 жастар ҮЕҰ тіркелген. Жастар саясатын іске асыруға ҮЕҰ-дың қатысуы іс-шараларды, бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, жастарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады.