«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеті атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарына толықтырулар енгізілсін.
- Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №275-19 болып тіркелген) өзгерістермен толықтырулар енгізілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.