Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодекстің 577 және 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
  2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Дата публикации
31 марта 2026