Әдеп кодексі нормаларын сақтау — мемлекеттік қызметшінің басты міндеті, бұл оның кәсібилігі мен ар-ожданын көрсетеді. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген мақал осының дәлелі. Сондай-ақ, «Әдептілік — адамдық белгісі», «Тәртіп — елдің негізі» деп халқымыз әрдайым әдептілік пен тәртіпті жоғары қойған.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметші өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
«Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 11 (он бір) мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Біздің әр қайссымызға әдепті сақтау өте маңызды, себебі біз тікелей адаммен жұмыс жасаймыз және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарамыз. Сондықтан біздің сыртқы бейнеміз, киім-киіс, қимыл-әрекетіміз, сөйлеу мәнеріміз, ой-пікіріміз, жеке қасиеттердің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет етуіміз керек. Себебі, елдің ертеңі мына біздерге байланысты. Бір сөзбен айтқанда, біз билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірміз. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардан білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететудеміз.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті яғни әр қайссымыздың қызметтік міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Сонымен қатар, округте мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс.
«Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы Журунбаева Айнур Әлахышқызы