Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілт сөздер және хештегтер

1

«Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Тұрғын үй кезегінде тұрған жылым дұрыс емес, артқа жылжып кеткен, неліктен және оны қайта орнына келтіруге болама?

Қайта қалпына келтіруге болады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорына 2020 жылға дейін қағаз тасығыш түрінде тұрған болсаңыз, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде жоқ екеніңізді немесе кезекке тұрған жылыңыздың қате көрсетілгенін анықтасаңыз, қолданыстағы электрондық тізімге енгізу мүмкіндігі бар. Ол үшін кезекке тұрған адам растайтын құжаттарды өткізу керек

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының 24.02.2026 ж хатының негізінде

 

2

«Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» ММ

Тұрғын үй кезегіне тұруға болама

Тұрғын үй кезегіне тұруға болады

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базада бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, табыс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты автоматты түрде Отбасы банкінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 Бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидасы. 

Тұрғын үй кезегіне тіркелу

3

«Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» ММ

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған үйді жекешелендіруге болама

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған үйді жекешелендіруге болады

Тұрғынжайды жекешелендіру тәртібімен меншігіне алу үшін өтініш беруші заң талаптарына сәйкес құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынады. Тұрғын үй комиссиялары өтініш берушінің құжаттарын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары" 

Тұрғын үйді жекешелендіру

4

«Көксу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» ММ

Тұрғын үй сертификатын алуға болама

Тұрғын үй сертификатын алуға болады

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін  облыстың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй  сертификаттарын әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде ұсынады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму

министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы

№ 417 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары"

 

5

«Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.                                                                                                                                             

ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2014 жылғы
 № 72 бұйрығы.

Дипломмен ауылға

6

«Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  әлеуметтік қолдау шаралары кімдерге беріледі?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие мамандықтарға көрсетіледі. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие мамандықтарға көрсетіледі: ауылдық елді мекенге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2014 жылғы № 72 бұйрығы.

Дипломмен ауылға

 

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Дата публикации
19 марта 2026